ҚҰБ ҚҚК "ОРДА Кредит" несиелік серіктестігі ЖШС (Қазақстан) KZ2P0Y05C900 (KZ2P00000193, ORDKb2) облигацияларының орналастыру нәтижелері туралы есебін бекітті

20.03.12 17:10
/KASE, 20.03.12/ – Облигациялары Қазақстан қор биржасының (KASE) ресми тізімінде тұрған "ОРДА Кредит" несиелік серіктестігі ЖШС (Шымкент), биржаға Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын бақылау және қадағалау комитетінің (ҚҰБ ҚҚК) 2012 жылдың 06 наурызындағы мәлімдемесінің көшірмесін ұсынды. Аталмыш құжатқа сәйкес ҚҰБ ҚҚК "ОРДА Кредит" несиелік серіктестігі ЖШС KZ2P0Y05C900 (KZ2P00000193, KASE ресми тізімі, "Рейтингілік бағалауы бар борыштық бағалы қағаздар" санатының екінші санатшасы, ORDKb2; 1 000 теңге, 1,5 млрд теңге; 26.01.08 – 26.01.13, тоқсандық купон жылдық 12,00 %; 30/360) облигацияларының орналастырылу нәтижелері туралы есебін бекітті. ҚҰБ ҚҚК мәлімдемесіне сәйкес, 2011 жылдың 15 желтоқсанындағы жағдай бойынша аталмыш облигациялардың барлығы орналастырылды.