"Булат Нуржанов атындағы Екібастұз МАЭС" ЖШС (Қазақстан) өзінің бақылаушы кеңесінің құрамында болған өзгерістер туралы хабарлады

19.03.12 16:40
/KASE, 19.03.12/ – Облигациялары Қазақстан қор биржасының (KASE) ресми тізімінде тұрған "Булат Нуржанов атындағы Екібастұз МАЭС" ЖШС (Екібастұз), биржаға ресми хат жолдап, былай деп хабарлады: "Булат Нуржанов атындағы Екібастұз МАЭС" жауапкершілігі шектеулі серіктестігі (бұдан әрі – Серіктестік) қатысушыларының 02.03.2012 ж. жалпы жиналысындағы шешімге сәйкес, Серіктестіктің бақылаушы кеңесінің құрамында өзгерістер болды. Осы шешімге сәйкес, Е.Е. Упушевтің және Н.И. Утегуловтың Серіктестіктің бақылаушы кееңсінің мүшелері ретіндегі өкілеттіктері мерзімінен бұрын тоқтатылды және бақылаушы кеңестің жаңа мүшелері сайланды: К.А. Бектемиров және А.М. Саткалиев. Жоғарыда айтылғанды есепке ала отырып, қазіргі уақытта Серіктестіктің бақылаушы кеңесінің мүшелері келесі тұлғалар болып отыр:: 1) Куаныш Абдугалиевич Бектемиров – бақылаушы кеңестің төрағасы; 2) Алмасадам Майданович Саткалиев – бақылаушы кеңестің мүшесі; 3) Николай Владимирович Коробовский – бақылаушы кеңестің мүшесі; 4) Николай Николаевич Климов– бақылаушы кеңестің мүшесі.