S&P "Аграрлық несие корпорациясы" акционерлік қоғамының (Қазақстан) ұзақ мерзімді несиелік рейтингін "BB+" дейін көтерді, болжамы – "Тұрақты"

07.03.12 14:47
/Standard & Poor's, Мәскеу, 06.03.12, ағылшын тілінен аудармасы Standard & Poor's, тақырыптамасы KASE/ – Standard & Poor's Несиелік рейтингтер қызметі эмитент "Аграрлық несие корпорациясы" акционерлік қоғамының (АНК) ұзақ мерзімді несиелік рейтингін "ВВ"-ден "BB+"-ке дейін көтерді, қысқа мерзімді несиелік рейтингін "В" деңгейінде растады. Рейтингтердің өзгеру болжамы – "Тұрақты". Осымен қатар компанияның ұлттық шкала бойынша рейтингінің деңгейі "kzA+"-тен "kzAA-"-ке дейін көтерілді. "ВВ+" ұзақмерзімді несиелік рейтингі АНК өзіндің несиеге қабілеттілігінің сипаттамаларын көрсетеді, оған біз "b+" деген баға береміз, сондай-ақ, "ВВ+" ұзақмерзімді несиелік рейтингі компанияның акциясының 100 % иелік ететін Қазақстанның Үкіметінен уақытылы және шұғыл қолдау алудың мүмкіндігі туралы біздің пікірімізді білдіреді (ВВВ+/Тұрақты/А-2; ұлттық шкала бойынша рейтингі: kzAAA). Өзіндік несиеге қабілеттілігінің сипаттамасына берілген "b+" бағасы, сондай-ақ, АНК бірқалыпты бизнес позициясын, қорлау мен табыстылықтың аса мықты көрсеткіштерін, тәуекел бойынша қалыпты позициясын, банктік жүйе бойынша қорлаудың орташадан төмен деңгейдегі көрсеткіштерін және өтімділіктің қалыпты көрсеткіштерін (критерийлерде берілген анықтамаларға сәйкес) көрсетеді. Осы баспасөз-хабарламасының орыс тіліндегі толық мәтінімен KASE веб- сайтында http://www.kase.kz/ru/news/show/1163558 мекен-жайы бойынша танысуға болады.