"Имсталькон" АҚ (Қазақстан) KZP01Y07D747 (KZ2C00000420, IMSKb3) облигациялары бойынша 4-ші купондық кезеңге сыйақы мөлшерлемесі – жылдық 6,70 % құрады

11.03.12 17:56
/KASE, 11.03.12/ – "Имсталькон" АҚ (Алматы) Қазақстан қор биржасына (KASE) өзінің KZP01Y07D747 (KZ2C00000420, KASE ресми тізімі, "Рейтингілік бағалауы бар борыштық бағалы қағаздар" санаты, IMSKb3, 100 теңге, 4,0 млрд теңге; 08.09.10 – 08.09.17, инфляция деңгейімен индекстелген жарты жылдық купон) облигациялары бойынша төртінші купондық кезеңге сыйақы мөлшерлемесі жылдық 6,70 % көлемінде белгіленді деп ресми хатпен хабарлады. Ағымдағы купондық кезеңде (2012 жылдың 08 наурызына дейін) аталмыш облигациялар бойынша сыйақы мөлшерлемесі жылдық 11,00 % пайызды құрайды.