"САУТС-ОЙЛ" ЖШС (Қазақстан) өзінің KZ2P0Y03E026 (KZ2P00001605, STSOb1) облигацияларын мерзімінен бұрын толық өтеуді жоспарлап отырғаны туралы хабарлады
12.03.12 11:54
/KASE, 12.03.12/ – Облигациялары Қазақстан қор биржасының (KASE)
ресми тізімінде тұрған "САУТС-ОЙЛ" ЖШС (Шымкент), биржаға ресми хат
жолдап, 2012 жылдың 12 сәуірінде KZ2P0Y03E026 (KZ2P00001605, KASE
ресми тізімі, "Рейтингілік бағалауы бар борыштық бағалы қағаздар" санаты,
STSOb1; 10 000 теңге, 1,0 млрд теңге; 08.09.11 – 08.09.14; жарты жылдық
купон жылдық 9,00 %; 30/360) облигацияларын мерзімінен бұрын толық
өтейті ні туралы хабарлады.
Аталмыш хатта "САУТС-ОЙЛ" ЖШС келесі хабарлады:
Облигацияларды мерзімінен бұрын толық өтеу, сондай-ақ, осымен
байланысты облигацияларды сатып алу облигацияларды мерзімінен бұрын
толық өтеу күнінен бұрын облигациялардың соңғы айналыс күнінен кейінгі
күннен бастап 10 күнтізбелік күннің ішінде облигацияларды ұстаушылар
тізілімінің мәліметтеріне сәйкес, облигацияларды ұстаушылардың ағымдағы
банктік есеп-шоттарына төлем агентінің қызметтерін пайдаланып, ақша
аударып, соңғы жинақталған купондық сыйақыны біруақытта төлеу арқылы
теңгедегі номиналды құны бойынша жүзеге асырылады. Облигациялар
ұстаушылардың тізіліміне облигацияларды мерзімінен бұрын толық өтеу
басталуы күнінен бұрын облигациялардың соңғы рет айналыста болу
күнінің басындағы жағдай бойынша тіркелген тұлғалар номиналды құнды
және соңғы сыйақыны алуға құқылы болып табылады. Облигацияларды
мерзімінен бұрын толық өтеу басталуы күнінен бұрын облигациялардың
соңғы рет айналыста болу күні – 2012 жылдың "11" сәуірі. Егер
инвестор Қазақстан Республикасының резиденті болмаса, Қазақстан
Республикасының территориясында банктік шоты болған жағдайда,
облигацияларды мерзімінен бұрын толық өтеу теңгемен жүргізіледі.
Теңгедегі соманы басқа валютаға айырбастау инвестордың есебінен
жасалады.
Тіркеуші туралы мәліметтер: "РЕЕСТР" АҚ, орналасқан мекен-жайы: 050059,
Алматы қ., Сызғанов көш., 101А (заңды мекен-жайы)/ 050013, Алматы қ.,
Әл-Фараби даңғ., 17, оф.1301, "Нұрлы Тау" бизнес орталығы, 4Б блогы
(нақты мекен-жайы) 02.08.2005ж. лицензиясының #0406200436.
Төлем агенті туралы мәліметтер: Қазақстан Республикасы, 050010,
Алматы қ., Гоголь/Қалдаяқов көш., 30/26, тел.:+7 (727) 250-00-60, факс:
+7 (727) 250-00-63 мекен-жайы бойынша орналасқан "Сбербанк России"
Акционерлік Қоғамы. Төлем агенті туралы басқа мәліметтер облигациялар
шығарылымы аңдатпасының шарттарында анықталған.
Облигациялар өтелетін мекен-жайы: 160000, Қазақстан Республикасы,
Оңт.- Қазақстан облысы, Шымкент қаласы, Төле би көшесі, 25
Серіктестіктің облигацияларын ұстаушылар облигацияларды өтеуге
қатысты кез-келген мәселелер бойынша 160000, Қазақстан Республикасы,
Оңт.- Қазақстан облысы, Шымкент қаласы, Төле би көшесі, 25 мекен-жайына
хабарласа алады. Өкілетті тұлға: Ким Юлия, тел./факс (7252) 551314"