"Қазақстан Қағазы" АҚ DB Schenker және PEAK компаниялары арасында келісім-шарт жасалғаны туралы хабарлад

12.03.12 17:50
/KASE, 12.03.12/ – Облигациялары Қазақстан қор биржасының (KASE) ресми тізімінде тұрған "Қазақстан Қағазы" АҚ (Алматы обл.), биржаға 2012 жылдың 12 наурызындағы баспасөз-хабарламасын жолдап, былай деп хабарлады: PEAK, Қазақстан қағазы компаниялар тобына кіретін Орталық Азиядағы жетекші логистикалық операторлардың бірі, көлік және логистика саласында қызмет көрсететін көлемі бойынша әлемдегі екінші орында тұрған DB Schenker коомпаниясымен ынтымақтастық туралы келісім- шартқа қол қойды. Келісім-шарттың аясында РЕАК компаниясы DB Schenker компаниясының Қазақстандағы клиенттеріне қойма және дистрибьютерлік қызметтер көрсетеді, ал DB Schenker жүктерді жинақтап, өзінің Ригадағы арналары арқылы PEAK клиенттері үшін жүктерді тасымалдайды. Қазақстан Еуразияның қақ ортасында орналасып, Еуропа мен Қытайды жалғайтын аса маңызды логистикалық және көлік орталығы болып табылады. DB Schenker және PEAK компаниялары арасындағы ынтымақтастық туралы жаңа келісімдер көрсетілетін қызметтердің түрлерін кеңейтуге және жергілікті, сондай-ақ, халықаралық клиенттердің талаптарына толық сәйкестікке мүмкіндік береді. Осы баспасөз-хабарламасының орыс тіліндегі толық мәтінімен KASE веб-сайтында http://www.kase.kz/news/show/1163701 мекен-жайы бойынша танысуға болады.