"Астана Газ Сервис" АҚ (Қазақстан) өзінің лицензиясының жарамдылық уақытының аяқталғаны және қарызды өндіру туралы арыз талап алғаны туралы хабарлады

13.03.12 12:43
/KASE, 13.03.12/ – Акциялары Қазақстан қор биржасының (KASE) ресми тізімінде тұрған "Астана Газ Сервис" АҚ (Астана), биржаға ресми хат жолдап былай деп хабарлады: ... Сізге келесі қызмет түрлерімен айналысуға мемлекеттік лицензиялардың қолданыс мерзімі аяқталғаны туралы мәлімдейміз: - "Газды сақтау объектілерін пайдалану", - "Тұрғын және коммуналдық-тұрмыстық объектілерді газдандыру жүйелерін пайдалану". Аталмыш хатта, сондай-ақ, "Астана қ. "Алматы" ауданының прокурорынан "Астана-Финанс" АҚ мүддесіне 289 641 644 (екі жүз алпыс тоғыз миллион алты жүз қырық бір мың алты жүз қырық төрт) теңге сомасындағы қарызды өндіру туралы арыз талап" келгені туралы хабарланған.