Евразиялық даму банкі "Арэксимбанк-группа Газпромбанка" ЖАҚ-ына (Армения) $10 млн сомасында несие беру туралы келісім-шартқа қол қойғаны туралы хабарлады

13.03.12 11:22
/KASE, 13.03.12/ – Облигациялары Қазақстан қор биржасының (KASE) ресми тізімінде тұрған Евразиялық даму банкі, биржаға 2012 жылдың 12 наурызындағы баспасөз-хабарламасын жолдап, былай деп хабарлады: 12 наурыз күні Еуразиялық Даму Банкі (ЕАДБ) мен "Арэксимбанк-группа Газпромбанка" ЖАҚ арасында кейінгісіне шағын және орта бизнесті қаржыландыру бағдарламасы бойынша $10 млн сомасында несие беру туралы келісім-шартқа қол қойылды. ЕАДБ тарабынан келісім-шартқа ЕАДБ Басқарма Төрағасының Орынбасары Дмитрий Журба қол қойды, "Арэксимбанк-группа Газпромбанка" ЖАқ тарабынан – Бас директор Армен Хандкарян. Өзінің сөзінде ЕАДБ Басқарма Төрағасының Орынбасары Дмитрий Журба өзі өкілдік етіп отырған банктің елдің әлеуметтік-экономикалық дамуының негізі ретінде Армениядағы шағын және орта бизнеске қолдау көрсетуге көп назар бөлетіні туралы айтып өтті. ЕАДБ-імен ынтымақтастық осы келісім-шартқа қол қоюмен аяқталмайды. Қазіргі уақытта "Арэксимбанк-группа Газпромбанка" ЖАҚ ЕАДБ-імен сауданы қаржыландыруды дамытуға несие линиясын ашуға, сонымен қатар энергия үнемдеуші жобаларды қаржыландыруға қор алуға қатысты келіссөздер жүргізіп жатыр. Осы баспасөз-хабарламасының толық нұсқасымен KASE веб-сайтында http://www.kase.kz/ru/news/show/1163706 мекен-жайы бойынша танысуға болады.