"СЕНІМ-БАНК" АҚ (Қазақстан) акционерлерінің 2012 жылдың 26 наурызына белгіленген кезектен тыс жалпы жиналысының күн тәртібіне толықтырулар енгізілді

12.03.12 17:13
/KASE, 12.03.12/ – Жай акциялары Қазақстан қор биржасының (KASE) ресми тізімінде тұрған "СЕНІМ-БАНК" АҚ (Алматы обл., бұдан әрі – банк), биржаға банктің акционерлерінің 2012 жылдың 26 наурызында сағат 17:00-ге белгіленген кезектен тыс жалпы жиналысының күн тәртібіне толықтырулар енгзілігені туралы мәлімдеме жасады. Аталмыш жиналыстың күн тәртібіндегі мәселелер, толықтырулармен бірге: - банкті ерікті түрде қайта құрылымдау мүмкіндігін қарастыру туралы; - банктің акционерлерінің жалпы жиналысының күн тәртібін аудиторлық компанияны бекіту туралы мәселемен толықтыру туралы; - банктің акционерлерінің жалпы жиналысының күн тәртібін аудиторлық банк акцияларының эмиссиясы аңдатпасына өзгертулер мен толықтырулар енгізу туралы мәселемен толықтыру туралы; - банктің акционерлерінің жалпы жиналысының күн тәртібін аудиторлық банктің артықшылықты акцияларын жай акцияларға айырбастау ттуралы мәселемен толықтыру туралы; - банктің акционерлерінің жалпы жиналысының күн тәртібін аудиторлық директорлар кеңесінің сандық құрамын, олардың өкілеттіктерінің мерзімін анықтау, оның мүшелерін сайлау және олардың өкілеттіктерінің мерзімінен бұрын тоқтатылуы, сондай-ақ, Директорлар кеңесінің мүшелеріне өз міндеттерін орындағаны үшін сыйақы төлеу және шығындарын өтеу мөлшері мен шарттарын анықтау туралы мәселемен толықтыру туралы. Осы жиналыстың өтетін мекен-жайы: Алматы обл., Қарасай ауданы, Рахат а., Асқаров көш., 21/2, 1 п. Жиналысқа қатысушыларды тіркеу сағат 16:30-да жүргізіледі. Аталмыш жиналысқа қатысуға құқылы акционерлердің тізімі 2012 жылдың 20 наурызындағы жағдай бойынша құрылады. Кворум жиналмаған жағдайда, банктің акционерлерінің жиналысы 2012 жылдың 27 наурызында жоғарыда көрсетілген мекен-жай бойынша өтеді. Акционерлер аталмыш жиналыстың күн тәртібіндегі мәселеге қатысты материалдармен Алматы қ., Дүйсенов көш., 25 мекен-жайы арқылы таныса алады.