"Еуразиялық банк" АҚ (Қазақстан) KZ2CKY07B915 (KZ2C00001162, EUBNb3) облигациялары бойынша айналыстың 7-ші жылына сыйақы мөлшерлемесі – жылдық 6,90 % құрады

12.03.12 15:18
/KASE, 12.03.12/ – "Еуразиялық банк" АҚ (Алматы) Қазақстан қор биржасына (KASE) өзінің субординацияланған KZ2CKY07B915 (KASE ресми тізімі, "Рейтингілік бағалауы жоқ борыштық бағалы қағаздар" санатының бірінші санатшасы, EUBNb3; 100 теңге, 10,0 млрд теңге; 05.04.06 – 05.04.13, инфляция деңгейімен индекстелген жарты жылдық купон) облигациялары бойынша айналыстың келесі жылына купондық сыйақы мөлшерлемесі жылдық 6,90 % көлемінде белгіленді деп ресми хатпен хабарлады. Ағымдағы купондық кезеңде (2012 жылдың 05 сәуіріне дейін) аталмыш облигациялар бойынша сыйақы мөлшерлемесі жылдық 9,10 % пайызды құрайды.