"Имсталькон" АҚ (Қазақстан) өзінің KZP01Y07D747 (KZ2C00000420, IMSKb3) облигацияларының айналыста болмауы себебімен 3-ші купонын төлемеуі туралы хабарлады

12.03.12 10:00
/KASE, 12.03.12/ – "Имсталькон" АҚ (Алматы) өзінің KZP01Y07D747 (KZ2C00000420, KASE ресми тізімі, "Рейтингілік бағалауы бар борыштық бағалы қағаздар" санаты, IMSKb3, 100 теңге, 4,0 млрд теңге; 08.09.10 – 08.09.17, құбылмалы жарты жылдық купон, ағымдағы купондық кезеңге жылдық 11,00 %, 30/360) облигациялары бойынша үшінші купондық сыйақысын олардың айналыста болмауы себебімен төлемеуі туралы Қазақстан қор биржасына (KASE) хабарлап, ресми хат жолдады. KASE "Биржалық ақпараттарды тарату Ережелері" атты ішкі құжатына сәйкес, KASE мүшелері және биржада айналысқа жіберілген бағалы қағаздардың эмитенттері туралы KASE тарататын жалпы ақпараттың растығына, егер аталмыш ақпараттар осы мүшелер мен бағалы қағаздар эмитенттерінің KASE алдында міндеттерін орындауына орай ұсынған хабарламалар мен құжаттарға негізделсе, KASE жауапты болмайды. Осы ақпаратты өндіргенде KASE аталмыш хабарламалар мен құжаттардың растығын тексермейді. Осы хабарламада жарияланған ақпаратты жоққа шығаруды қалаған тұлға, биржада тиісті ресми хат жолдауы тиіс.