2012 жылдың 26 наурызында "СЕНІМ-БАНК" АҚ (Қазақстан) акционерлерінің кезектен тыс жалпы жиналысы болады

05.03.12 15:30
/KASE, 05.03.12/ – Жай акциялары Қазақстан қор биржасының (KASE) ресми тізімінде тұрған "СЕНІМ-БАНК" АҚ (Алматы обл., бұдан әрі – банк), биржаға 2012 жылдың 26 наурызында сағат 17:00-де банктің акционерлерінің кезектен тыс жалпы жиналысы басталатыны туралы хабарлады. Аталмыш жиналыстың күн тәртібіндегі жалғыз мәселе банкті ерікті түрде қайта құрылымдау туралы мәселе болып табылады. Осы жиналыстың өтетін мекен-жайы: Алматы обл., Қарасай ауданы, Рахат а., Асқаров көш., 21/2, 1 п. Жиналысқа қатысушыларды тіркеу сағат 16:30-да жүргізіледі. Аталмыш жиналысқа қатысуға құқылы акционерлердің тізімі 2012 жылдың 20 наурызындағы жағдай бойынша құрылады. Кворум жиналмаған жағдайда, банктің акционерлерінің жиналысы 2012 жылдың 27 наурызында жоғарыда көрсетілген мекен-жай бойынша өтеді. Акционерлер аталмыш жиналыстың күн тәртібіндегі мәселеге қатысты материалдармен Алматы қ., Дүйсенов көш., 25 мекен-жайы арқылы таныса алады.