/KASE, 01.03.12/ – Акциялары Қазақстан қор биржасының (KASE) ресми
тізімінде тұрған "БТА Банкі" Акционерлік қоғамының еншілес ұйымы
"Лондон-Алматы" сақтандыру компаниясы" АҚ (Алматы), биржаға
"Эксперт РА Қазақстан" рейтингілік агенттігі" ЖШС 2012 жылдың
23 ақпанындағы баспасөз-хабарламасын жолдап, былай деп хабарлады:
"Эксперт РА Қазақстан" рейтингілік агенттігі "Лондон-Алматы" сақтандыру
компаниясына А "Сенімділіктің жоғары деңгейі" сенімділік рейтингін берді.
"Лондон-Алматы" компаниясының бағаларына ағымдағы өтімділік
коэффициентінің және нақтыланған нетто-өтімділік сақтандыру
коэффициентінің жоғары мәндері оң әсерін тигізді. (01.10.2011
жағдай бойынша, тиісінше 350 % және 158 %).
Осы баспасөз-хабарламасының орыс тіліндегі толық мәтінімен KASE веб-
сайтында
http://www.kase.kz/ru/news/show/1163352 мекен-жайы бойынша
танысуға болады.