Еуразиялық даму банкі оның 02 сериялы облигацияларын алуға өтінімдерді қабылдау кітабы жабылатыны туралы хабарлады

01.03.12 11:51
/KASE, 01.03.12/ – Облигациялары Қазақстан қор биржасының (KASE) ресми тізімінде тұрған Еуразиялық даму банкі, биржаға 2012 жылдың 29 ақпанындағы баспасөз-хабарламасын жолдап, былай деп хабарлады: 2012 жылдың 28 ақпанында Еуразиялық Даму Банкінің 02 сериялы облигацияларын алуға өтінімдерді қабылдау кітабы 5 млрд рубль номиналымен, орналастыру күнінен бастап 3 жылдан кейінгі офертамен жабылды. 02 сериялы облигацияларды өтеу мерзімі – орналастыра бастағаннан күннен бастап 7 жылдан кейін. 01 сериялы облигациялар бойынша инвесторлар купон мөлшерлемесінің диапазоны жылдық 8,50 % бастап 9,25 % дейін 54 өтінім берді. Маркетинг барысында 02 сериялы облигацияларға сұраныстың жалпы көлемі 15 272 млн рубльді құрады. Маркетингтің қорытындысы бойынша 02 сериялы облигациялар купонының пайыздық мөлшерлемесі жылдық 8,50 % мөлшерінде анықталды. Нарықтық жағдайды, орналастыру құнын, купон мөлшерлемесін және қалыптасқан сұранысты ескере отырып, Еуразия Даму Банкі инвесторлардың 02 сериялы облигациялар бойынша 15 өтінімін акцептеуді ұйғарды. Облигацияларды орналастыру кезінде мәміле бойынша есептесулер 2012 жылдың 01 наурызында МБВБ ҚБ өтеді. Орналастыруды ұйымдастырушылар – "ВТБ Капитал" ЖАҚ, "ВЭБ Капитал" ЖШҚ, "Райффайзенбанк" ЖАҚ, "РОНИН" ЖШҚ, "Үштік Диалог" ЖАҚ ИК. Орналастыруды ұйымдастыруға "Углеметбанк" ААҚ қатысты.