Еуразиялық даму банкі "Пулково" (Ресей) әуежайын қайта құру бойынша мемлекеттік-жеке серіктестіктің жобасын қаржыландыру басталғаны туралы хабарлады

28.02.12 17:49
/KASE, 28.02.12/ – Облигациялары Қазақстан қор биржасының (KASE) ресми тізімінде тұрған Еуразиялық даму банкі, биржаға 2012 жылдың 28 ақпанындағы баспасөз-хабарламасын жолдап, былай деп хабарлады: Еуразиялық даму банкі (ЕАДБ) кіретін банктердің пулы МЖС Санкт- Петербургтегі "Пулково" әуежайын қайта құру, дамыту және пайдалану жобасы аясында несиенің алғашқы траншын аударды. Мемлекеттік-жеек серіктестіктің негізінде жүзеге асырылып отырған жобаны қаржыландыруға ЕАДБ басқа Сыртқы экономика банкі, Еуропалық қайта құру және дамыту банкі, Халықаралық қаржы корпорациясы, Солтүстік инвестициялық банк, Қара теңіз сауда және дамыту банкі және басқа да бірқатар коммерциялық банктер қатысты. Олардың қаржыландыруының жалпы сомасы 716 млн еуроны құрады. Жобадағы ЕАДБ үлесі 90 млн АҚШ долларын құрайтын болады. Осы баспасөз-хабарламасының орыс тіліндегі толық мәтінімен KASE веб- сайтында http://www.kase.kz/files/emitters/EABR/eabr_reliz_280212.pdf мекен-жайы бойынша танысуға болады.