Еуразиялық даму банкі Қырғыз Республикасының ЕурАзЭО дағдарысқа қарсы қорының қаражатынан несие алу туралы өтінімі бойынша басқарушы қорытындыларын дайындай бастағаны туралы хабарлады

28.02.12 11:53
/KASE, 28.02.12/ – Облигациялары Қазақстан қор биржасының (KASE) ресми тізімінде тұрған Еуразиялық даму банкі, биржаға 2012 жылдың 27 ақпанындағы баспасөз-хабарламасын жолдап, былай деп хабарлады: ДҚҚ қаражатын басқарушы болып табылатын Еуразиялық даму банкінің (ЕАДБ) сарапшылары Қырғыз Республикасының 106,7 млн доллар көлеміндегі ДҚҚ несиесіне өтінімі бойынша Басқарушының Қорытындысын дайындауды бастау мақсатында 2012 жылдың 20 ақпанынан 23 ақпанына дейінгі аралықта Бішкек қаласында болып қайтты. Қырғыз Республикасының Үкіметімен және Ұлттық Банкімен, сонымен қатар халықаралық ұйымдардың өкілдерімен кездесулердің барысында Қордың сарапшылары елдегі ағымдағы макроэкономикалық және салықтық-бюджеттік жағдайды, мемлекеттің 2012 жылға бюджетінің негізгі параметрлерін, сондай-ақ, орташа мерзімдік даму жоспарларын талқылады. Осы баспасөз-хабарламасының орыс тіліндегі толық мәтінімен KASE веб- сайтында http://www.kase.kz/files/emitters/EABR/eabr_reliz_270212.pdf мекен-жайы бойынша танысуға болады.