"АПК-Инвест" корпорациясы" ЖШС (Қазақстан) "Эксперт РА Қазақстан" Рейтингілік агенттігі компанияға және оның облигацияларына бағалар бергені туралы хабарлады

24.02.12 16:48
/KASE, 24.02.12/ – Облигациялары Қазақстан қор биржасының (KASE) ресми тізімінде тұрған "АПК-Инвест" корпорациясы" ЖШС (Астана), биржаға ресми хат жолдап, "Эксперт РА Қазақстан" рейтингілік агенттігі "АПК-Инвест" корпорациясы" ЖШС-іне А деңгейіндегі несиеге қабілеттілігі рейтингін және облигациялардың бірінші (KZP01Y05D980), екінші (KZP02Y05D988) және үшінші (KZP03Y05D986) шығарылымдарына А деңгейіндегі сенімділік рейтингін бергені туралы" хабарлады.