"Amanat Insurance" сақтандыру компаниясы" АҚ (Қазақстан) өзінің Директорлар кеңесінің және Басқармасының құрамында болған өзгерістер туралы хабарлады

24.02.12 15:28
/KASE, 24.02.12/ – Акциялары Қазақстан қор биржасының (KASE) ресми тізімінде тұрған "Amanat Insurance" сақтандыру компаниясы" АҚ (Алматы), биржаға ресми хат жолдап, былай деп хабарлады: "Amanat Insurance" СК" АҚ, ..., Директорлар кеңесінің және Басқармасының құрамында болған өзгерістер туралы хабарлайды. 22.02.2012ж. жағдай бойынша Қоғамның Директорлар кеңесінің құрамында: 1) Д.А. Идрисов – төраға (ҚҚК келісімдеу туралы хаты қосымша берілген) 2) З.Б. Сеитова – мүше (ҚҚК келісімдеу туралы хаты қосымша берілген) 3) А.А: Какимжанов – тәуелсіз директор (келісімдеу үрдісінен өтуде) бар. 23.02.2012ж. жағдай бойынша Қоғамның Басқармасы құрамында: 1) З.Б. Сеитова – төраға 2) Н.В. Тумаева – төраға орынбасары 3) Д.Ж. Акижанов – басқарма мүшесі (келісімдеу үрдісінен өтуде) бар.