ҚҰБ ҚҚК "Еуразиялық банк" АҚ (Қазақстан) KZP04Y10C614 (KZ2C00001204, EUBNb7) облигациялары 2011 жылдың 21 шілдесінен 2012 жылдың 20 қаңтарына дейінгі кезеңде орналастырылмағаны туралы мәліметтерді есепке алды

24.02.12 12:04
/KASE, 24.02.12/ – Бағалы қағаздары Қазақстан қор биржасының (KASE) ресми тізімінде тұрған "Еуразиялық банк" АҚ (Алматы) биржаға Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын бақылау және қадағалау комитетінің (ҚҰБ ҚҚК) 2012 жылдың 06 ақпанындағы хатының көшірмесін ұсынды, осы хатқа сәйкес "ҚҰБ ҚҚК "2011 жылдың 21 шілдесінен 2012 жылдың 20 қаңтарына дейінгі кезеңде "Еуразиялық банк" АҚ (С61-4) бірінші облигациялық бағдарламасы аясындағы төртінші шығарылымның облигацияларын орналастыру жүзеге асырылмағаны туралы мәліметтерді есепке алды". ҚҰБ ҚҚК ақпаратына сәйкес, 2012 жылдың 21 қаңтарындағы жағдай бойынша аталмыш облигациялардың 15 956 600 данасы орналастырылған. Аталмыш (KZP04Y10C614, KZ2C00001204, EUBNb7; 100 теңге, 5,0 млрд теңге; 21.01.09 – 21.01.19; инфляция деңгейімен индекстелген жарты жылдық купон, ағымдағы купондық кезеңге жылдық 9,00 %; 30/360) облигациялар KASE ресми тізімінің "Рейтингілік бағалауы бар борыштық бағалы қағаздар" санатына енгізілді.