"ОРДА кредит" несиелік серіктестігі" ЖШС "ОРДА Капитал" басқарушы компаниясы" АҚ 100 % жай акциясын сатып алғаны және "Арнур Кредит" микронесие ұйымы" ЖШС қатысу үлесінің 45 % сатқаны туралы хабарлады

22.02.12 17:21
/KASE, 22.02.12/ – Облигациялары Қазақстан қор биржасының (KASE) ресми тізімінде тұрған "ОРДА кредит" несиелік серіктестігі" ЖШС (Шымкент), биржаға ресми хат жолдап, "2012 жылдың 13 ақпанында "ОРДА Капитал" басқарушы компаниясы" акционерлік қоғамының дауыс беретін акцияларының 100 % сатып алу бойынша бірқатар мәмілелердің аяқталғаны және 2012 жылдың 16 ақпанында "Арнур Кредит" микронесие ұйымы" жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің жарғылық капиталындағы 45 % үлесін сату бойынша мәміленің аяқталғаны туралы" хабарлады.