"Қазақтелеком" АҚ (Қазақстан) 2012 жылдың 01 наурызынан бастап "Megaline" және "iD Net" тарифтік жоспарларының тарифтері төмендейтіні және трафик шегі ұлғаятыны туралы хабарлады

21.02.12 12:32
/KASE, 21.02.12/ – Бағалы қағаздары Қазақстан қор биржасының (KASE) ресми тізімінде тұрған "Қазақтелеком" АҚ (Астана), биржаға 2012 жылдың 21 ақпанындағы баспасөз-хабарламасын жолдап, былай деп хабарлады: 2012 жылдың 1 наурызынан бастап "Қазақтелеком" АҚ "Megaline" және "iD Net" тарифтік жоспарларының тарифтерін төмендетіп, трафик шегін ұлғайтады. Сонымен қатар, "Megaline/iD Net Drive" ТЖ бойынша ай сайынғы төлем Т4 700 дейін төмендейді. "Megaline/iD Net Drive" және "Megaline/iD Net Turbo" ТЖ бойынша трафик шегі 40-тан 80 Гб. Дейін ұлғаяды. Сондай-ақ, "Турбо-режим" қызметін көрсетудің тарифтерін айтарлықтай төмендетілді: қызметті пайдалану үгшін бір реттік төлем ҚҚС есептегенде Т20 құрайды (бұрын – ҚҚС есептегенде Т130), ай сайынғы төлем –ҚҚС есептегенде Т500 (бұрын – ҚҚС есептегенде Т1500). Интернет желісінің сыртқы ресурстарына тәулік бойы шектеусіз ену кезеңі айтарлықтай ұлғайтылады – 8 сағаттан 15 сағатқа дейін. Бұрын "Megaline Drive" ТЖ бойынша сыртқы ресурстарға шектеусіз ену 00.00 сағаттан бастап 08.00 сағатқа дейін берілетін, "Турбо-режим" қызметі бойынша – 01.00 сағаттан бастап 09.00 сағатқа дейін, қызметтің параметрлері өзгертілгеннен кейін ол 23.00 сағаттан 14.00 сағатқа дейін қызмет етеді. Осы орайда "Турбо-режим" қызметінің көмегімен сыртқы ресурстарға ену жылдамдығы 1-ден 2 Мб/с дейін өседі. "Қазақтелеком" АҚ Жұртшылықпен байланыс жөніндегі қызмет