Еуразия даму банкі Стратегиялық инициативалар агенттігімен (Ресей) ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойғаны туралы хабарлады

20.02.12 11:13
/KASE, 20.02.12/ – Облигациялары Қазақстан қор биржасының (KASE) ресми тізімінде тұрған Еуразия даму банкі, биржаға 2012 жылдың 17 ақпанындағы баспасөз-хабарламасын жолдап, былай деп хабарлады: Еуразия даму банкі (ЕАДБ) және Стратегиялық инициативалар агенттігі (СИА) бүгін шағын бизнеске қолдау көрсету аясындағы жобаларды іс асыруда ынтымақтастық пен өзара қарым-қатынас туралы меморандумға қол қойды. Меморандумға ІХ Красноярск экономикалық форумы аясында қол қойылды. ЕАДБ тарабынан меорандумға Басқарма Төрағасының Орынбасары Геннадий Жужлев қол қойды, СИА тарабынан – "Жаңа бизнес" бағытының директоры Артем Аветисян. Тараптар ресей экономикасын дамытуға және Ресей Федерациясы территориясындағы шағын бизнесті қолдауға бағытталған ұзақмерзімді, нәтижелі және өзара тиімді ынтымақтастықты дамыту туралы келісті. ЕАДБ және СИА қоғамдық маңызы зор бизнес-жобаларды дамыту және іске асыру, кәсіпкерлік және инвестициялық климатты жақсарту, кәсіпкерліктің дамуына кедергі болатын жағдайларды анықтау және жою, Ресей Федерациясы субъектілеріндегі шағын бизнесті қолдаудың ең жақсы тәжірибелерін тарату секілді мәселелердің шешімін табуда күштерін біріктіреді. Осы баспасөз-хабарламасының орыс тіліндегі толық нұсқасымен KASE веб- сайтында http://www.kase.kz/files/emitters/EABR/eabr_reliz_170212.pdf мекен-жайы бойынша танысуға болады.