"Темiрбанк" АҚ (Қазақстан) өзінің акционерлерінің 2012 жылдың 15 ақпанында өткен кезектен тыс жалпы жиналысының қорытындыларын жариялады

17.02.12 16:10
/KASE, 17.02.12/ – Бағалы қағаздары Қазақстан қор биржасының (KASE) ресми тізімінде тұрған "Темiрбанк" АҚ (Алматы), биржаға 2012 жылдың 15 ақпанындағы баспасөз-хабарламасын ұсынып, былай деп хабарлады: Қазақстан Республикасы, Алматы қ., Абай даңғ., 68/74 мекен-жайы бойынша орналасқан "Темiрбанк" акционерлік қоғамы (бұдан әрі – Банк), Банк акционерлерінің 2012 жылдың 15 ақпанында өткен кезектен тыс жалпы жиналысының қорытындыларын жариялайды. Бекітілген күн тәртібіне сәйкес, Банк акционерлерінің кезектен тыс жалпы жиналысында келесі мәселелер қарастырылды: 1. Банктің Санақ комиссиясының мүшелері ретінде В.А. Колесникованың және А.Б. Исканованың өкілеттіктерін мерзімінен бұрын тоқтату және В.А. Колесникованың және А.Б. Исканованың орнына Банктің Санақ комиссиясыеың мүшелері ретінде Р.Ф. Борисовты және А.Т. Сапарбаевты тағайындау туралы. 2. Директорлар кеңесі мүшелеріне сыйақы беру және олардың шығындарын төлеу ережелерін бекіту және Банктің акционерлерінің кезектен тыс жалпы жиналысының шешімімен (2010 жылдың 26 наурызындағы № 22 хаттама) бекітілген Директорлар кеңесі мүшелеріне – тәуелсіз директорларға сыйақы беру және олардың шығындарын төлеу ережелері күшінен айырылды деп мойындау. 3. Банктің акционерлерінің назарына ақпарат. Дауыс берудің нәтижелері бойынша Банктің акционерлері келесі шешімдерге келді: Күн тәртібіндегі 1 мәселе бойынша: 1. Валентина Викторовна Колесникова және Айгуль Батырбековна Исканова санақ комиссиясының құрамынан шығарылсын. 2. Банктің санақ комиссиясының мүшелері ретінде Банктің қызметкерлері Руслан Фаридович Борисов және Арсен Торебаевич Сапарбаев тағайындалсын. 3. Банктің Биржан Амангельдыулы Нажмиденов, Руслан Фаридович Борисов және Арсен Торебаевич Сапарбаев құрамындағы санақ комиссиясы өкілеттігінің мерзімі Банк акционерлерінің 2012 жылдың қорытындысы бойынша жылдық жалпы жиналысының барысында Банктің санақ комиссиясын тағайындау мәселесін қарастырудың басталуына қарай өтеді деп белгіленсін. Күн тәртібіндегі 2 мәселе бойынша: 1. Қазақстан Республикасының "Акционерлік қоғамдар туралы" Заңының 36 бабының 1 тармағының 5 тармақшасына сәйкес, Директорлар кеңесі мүшелеріне сыйақы беру және олардың шығындарын өтеу ережелері бекітілсін. 2. Директорлар кеңесі мүшелеріне сыйақы беру және олардың шығындарын өтеу ережелері 2011 жылдың 03 қазанынан бастап жасалған қарым- қатынастарға қатысты қолданылатыны бекітілсін. 3. Директорлардың банктің Директорлар кеңесінің мүшесі және Банктің Директорлар кеңесі комитеттерінің мүшелері қызметтерін орындауға қатысты қызметтерінің шығандарын өтеуге байланысты Директорлар кеңесі мүшелеріне сыйақы беру және олардың шығындарын өтеу ережелерінің нормалары "Самұрық-Қазына" ұлттық әл-ауқат қоры" АҚ өкілдері болып табылатын Банктің Директорлар кеңесінің мүшелеріне қатысты қолданылмайтыны бекітілсін. 4. Директорлар кеңесі мүшелеріне сыйақы беру және олардың шығындарын төлеу ережелері бекітілген сәттен бастап Банктің акционерлерінің кезектен тыс жалпы жиналысының шешімімен (2010 жылдың 26 наурызындағы № 22 хаттама) бекітілген Директорлар кеңесі мүшелеріне – тәуелсіз директорларға сыйақы беру және олардың шығындарын төлеу ережелері күшінен айырылды деп бекітілсін. Күн тәртібіндегі 3 мәселе бойынша: [Шешімдер қабылданған жоқ]. Жиналыстың өтуі барысында ұсынылған Банктің дауыс беретін акцияларының жалпы саны 15.983.525.000 (олардың жалпы санының 79,9716 %) құрады.