ҚҰБ ҚҚК "Delta Bank" АҚ (Қазақстан) акциялар шығарылымының аңдатпасына енгізген өзгертулерін тіркеді

16.02.12 14:49
/KASE, 16.02.12/ – Бағалы қағаздары Қазақстан қор биржасының (KASE) ресми тізімінде тұрған "Delta Bank" АҚ (Алматы), өзінің акциялар шығарылымының аңдатпасына енгізген өзгертулерінің көшірмесін биржаға ұсынды. Аталмыш өзгертулерді Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын бақылау және қадағалау комитеті (ҚҰБ ҚҚК) 2012 жылдың 01 ақпанында тіркеп, "Delta Bank" АҚ Басқармасының және Директорлар кеңесінің құрамында болған өзгерістерге байланысты енгізілді. Аталмыш өзгертулер мен толықтырулар KASE веб-сайтында http://www.kase.kz/files/emitters/NFBN/nfbnf9_izm_010212.pdf мекен-жайы бойынша жарияланған.