17 АҚПАНДА БИРЖАДА ТӨРТІНШІ ШЫҒАРЫЛЫМНЫҢ МЕУКАМ-180 (KZKDKY150040) ОРНАЛАСТЫРУ БОЙЫНША ҚАЙТАЛАМА АРНАЙЫ МАМАНДАНДЫРЫЛҒАН САУДА-САТТЫҚ ӨТКІЗІЛЕДІ

15.02.12 18:10
/KASE, 15.02.12/ – Қазақстан қор биржасы (KASE) 2012 жылдың 17 ақпанында KASE сауда-саттық жүйесінде Қазақстан Республикасы мемлекеттік ұзақ мерзімді қазынашылық міндеттемелері (МЕУКАМ) бойынша төменде берілген шарттар бойынша арнайы мамандандырылған сауда-саттық өткізіледі (Алматы уақыты). ------------------------------------------------- Қағаз тұрпаты: МЕУКАМ-180 Ұлттық идентификациялық KZKDKY150040 нөмір: Шығарылымның реттік саны: 4 / 180 KASE сауда-саттық коды: MUM180_0004 Атаулы құны, теңге: 1 000,00 Айналыстағы облигациялардың 11 500 000 көлемі, дана: Төлеу датасы: 17.02.12 Айналысқа жіберу датасы: 18.08.11 Айналыста болудың 17.08.26 соңғы күні: Өтеу датасы: 18.08.26 Айналыста болу мерзімі: 15 жыл (5 400 күн) Купонды төлеу мерзімділігі: жылына 1 рет Купонды төлеу күні: жыл сайын 18 тамызда Уақыттық базасы: 30 / 360 ---------------------------- -------------------- Орналастырудың жарияланған 26 500 000,0 көлемі, млн теңге: Сауда-саттық заты: облигациялардың "таза" бағасы Нарықтық өтінімдерді 70 қанағаттандыру дәрежесі, %: Өтінім беру тәсілі: жабық Өтінімдерді қабылдау уақыты: 09:00–11:00 Өтінімдерді растау уақыты: 09:00–11:30 (Т+0) Кесім уақыты: 15:00-ге дейін (Т+0) Төлеу уақыты: 15:00-ге дейін (Т+0) Өтінімдерді қанағаттандыру кесімді баға бойынша тәсілі: ------------------------------------------------- Өтінімде баға ретінде көрсетілген облигацияның номиналды құнынан пайызбен көрсетілген "таза" бағасы төртінші ондық таңбасына дейінгі дәлдікпен көрсетіледі. Дәл осы көрсеткіш сауда-саттық заты болып табылады. Арнайы мамандандырылған сауда-саттыққа қатысуға өтінімдерді тек бастапқы дилерлер ретінде әрекет ететін KASE қор нарығының мүшелері ғана бере алады. Инвесторлар өз өтінімдерін осы заңды тұлғалар арқылы бере алады. KASE қор нарығы мүшелерінің толық тізімі http://www.kase.kz/kz/membership мекен-жайы бойынша жарияланған. Бастапқы дилерлер кестеде белгіленген уақытқа дейін, "Бағалы қағаздар депозитарийі" АҚ (Алматы) ережелер жинағына сәйкес, бағалы қағаздармен жасалған мәмілелер бойынша есептесуді жүзеге асыруда қолданылатын ақшалай шотта, (бастапқы дилерлердің берген және KASE қабылдаған өтінімдердің барлығы қанағаттандыруға жатады деген болжаммен) сатып алынған қазынашылық міндеттемелерге төлеуге жеткілікті соманың бар болуын қамтамасыз етуге міндетті. Қазақстан Респубикасы мемлекеттік қазынашылық міндеттемелерді шығару, орналастыру, айналыста болу, олар бойынша қызмет көрсету және өтелу ережелері http://www.kase.kz/files/mix/newgko.pdf мекен-жайы бойынша жарияланған. Қазақстан Республикасы мемлекеттік қазынашылық міндеттемелердің орналастыру ережелері http://www.kase.kz/files/normative_base/mekam_placement_kaz.pdf мекен- жайы бойынша жарияланған. Сауда-саттық өткізу әдістері туралы Қағида http://www.kase.kz/files/normative_base/methods_kaz.pdf мекен-жайы бойынша жарияланған.