Қазақстанның Қаржы министрлігі 15 ақпан күні биржада 46-шы шығарылым 7,8 млн. МЕОКАМ-48 (KZK2KY040469) жылдық 3,80 % орналастырды

15.02.12 18:01
/KASE, 15.02.12/ – Қазақстан қор биржасы (KASE) 2012 жылдың 15 ақпанында Қазақстан Республикасы қаржы Министрлігінің мемлекеттік орта мерзімдік қазынашылық міндеттемелерінің (МЕОКАМ) KASE сауда-саттық жүйесінде, төменде берілген шарттар бойынша (Алматы уақытымен) орналастыру өткізілгенін хабарлайды. ШЫҒАРЫЛЫМ ПАРАМЕТРЛЕРІ: -------------------------------------------------- ---------------------------- Қағаз тұрпаты: МЕОКАМ-48 Ұлттық идентификациялық нөмірі: KZK2KY040469 Шығарылымның реттік саны: 46 / 48 KASE сауда-саттық коды: MOM048_0046 Атаулы құны, теңге: 1 000,00 Төлеу күні: 15.02.12 Айналысқа жіберген күні: 15.02.12 Айналыста болудың соңғы күні: 14.02.16 Өтеу күні: 15.02.16 Айналыста болу мерзімі: 4 жыл (1 440 күн) Купонды төлеу мерзімділігі: Жылына 2 рет Алдағы купонды төлеу кестесі: 1 15.08.12 2 15.02.13 3 15.08.13 4 15.02.14 5 15.08.14 6 15.02.15 7 15.08.15 8 15.02.16 Уақыттық базасы: 30 / 360 -------------------------------------------------- ---------------------------- ОРНАЛАСТЫРУ ШАРТТАРЫ: -------------------------------------------------- ---------------------------- Орналастырудың жарияланған көлемі, млн теңге: 15 000,0 Сауда саттық заты: купон мөлшерлемесі Нарықтық өтінімдерді қанағаттандыру дәрежесі, %: 70 Өтінім беру тәсілі: жабық Өтінімдер қабылдау уақыты: 09:00–11:00 Өтінімдерді растау уақыты: 09:00–11:30 (Т+0) Кесім уақыты: 15:00 дейін (Т+0) Төлеу уақыты: 15:00 дейін (Т+0) Өтінімдерді қанағаттандыру тәсілі: кесімді баға (мөлшерлемесі) бойынша -------------------------------------------------- ---------------------------- СҰРАНЫМ ПАРАМЕТРЛЕРІ: -------------------------------------------------- ---------------------------- Бастапқы дилер – қатысушылардың саны: 11 Берілген өтінімдердің саны (барлығы/белсенді): 26 / 26 Соның ішінде: – шектелген: 21 – нарықтық: 5 Белсенді өтінімдердің көлемі*, млн теңге: 14 695,0 Соның ішінде: – шектелген: 11 430,0 – нарықтық: 3 265,0 Ұсынымға сұраным, %: 98,0 Берілген өтінімдер бойынша купон мөлшерлемесі, жылына %: – минималды: 3,45 – максималды: 4,50 – орташа сараланған: 3,9458 -------------------------------------------------- ---------------------------- * белсенді өтінімдер – сауда-саттыққа қатысушылардың өтінімдер беру кезеңі аяқталғанда жойылмаған, соның ішінде Растау жүйесімен расталған өтінімдері. ОРНАЛАСТЫРУ НӘТИЖЕЛЕРІ: ------------------------------------------------------------------------------- Қанағаттандырылған өтінімдер көлемі, облигациялар: 7 765 000 Қанағаттандырылған өтінімдер көлемі: 13 Қанағаттандырылған өтінімдер көлемі, жоспардан %: 51,8 Купон мөлшерлемесі, жылдық %: 3,80 ------------------------------------------------------------------------------- Белсенді өтінімдердің жалпы санындағы зейнетақы нарық субъектілердің үлесі 37,4 %, екінші деңгейдегі қазақстандық банктердің (ЕДБ) үлесі – 38,3 %, ЕДБ клиентерінің үлесі – 14,1 %, брокерлік-дилерлік компаниялар клиенттерінде – 10,2 %. "Орталық бағалы қағаздар депозитарийі" АҚ (Алматы) мәліметтеріне сәйкес 46 шығарылым МЕОКАМ-48 орналастыру мәмілелері бойынша сауда- саттық нәтижесі бойынша есептесу аяқталған сәтте барлық мәмілелер орындалды. Орналастырылған облигациялардың жалпы көлемінен 38,6 % зейнетақы нарығының субъектілері сатып алды, 19,3 % - ЕДБ, 26,6 % – ЕДБ клиенттерінде, 15,5 % – брокерлік-дилерлік компаниялар клиенттерінің еншісінде. Қаржы министрлігі сатқан МЕОКАМ KASE қайталама нарығына автоматты түрде, кестеде көрсетілген сауда-саттық коды бойынша айналысқа жіберіледі. Облигациялар KASE сауда-саттық жүйесінде таза бағасымен бағалануы тиіс. Қазақстан Республикасы мемлекеттік қазынашылық міндеттемелерді шығару, орналастыру, қызмет көрсету және өтеу ережелері http://www.kase.kz/files/mix/newgko.pdf мекен-жайы бойынша жарияланған. Қазақстан Республикасы мемлекеттік қазынашылық міндеттемелерді орналастыру ережелері http://www.kase.kz/files/normative_base/mekam_placement_kaz.pdf мекен-жайы бойынша жарияланған.