"Нұрбанк" АҚ (Қазақстан) Басқарма Төрағасы қызметіне М.У. Идрисов тағайындалды

15.02.12 16:42
/KASE, 15.02.12/ – Бағалы қағаздары Қазақстан қор биржасының (KASE) ресми тізімінде тұрған "Нұрбанк" АҚ (Алматы), биржаға 2012 жылдың 15 ақпанындағы баспасөз-хабарламасын жолдап, былай деп хабарлады: "Нұрбанк" АҚ Директорлар кеңесінің болып өткен отырысында жаңа басқарма төрағасы ретінде Мухтар Узакбаевич Идрисов тағайындалды, ол 2012 жылдың 13 ақпанында ресми түрде қызметіне кірісті. Идрисов мырза Директолар кеңесіне сенімдері үшін ризашылығын білдіріп, Нұрбанктің қызмет ету қағидалары өзгеріссіз қалатынын және Банктің айқындылық, ашықтық және кәсібилік құндылықтарына негізделетінін ескертті. Қазіргі уақытта Нұрбанк қорлаудың ішкі көздеріне, активтерді біркелкі өсіруге, өзінің клиенттері үшін сапалы өнімдер мен сервистерді дамытуға инвестициялауға сүйене отырып, дамудың біркелкі-консервативті саясатын ұстанып келеді. Осы баспасөз-хабарламасының орыс тіліндегі толық мәтінімен KASE веб- сайтында http://www.kase.kz/ru/news/show/1162653 мекен-жайы бойынша танысуға болады.