14 ақпаннан бастап "Қарағанды асбестцемент бұйымдары зауыты" АҚ (Қазақстан) KZP03Y05B808 (KZ2C00001535, KAZIb3) облигациялары KASE ресми тізімінен шығарылды

14.02.12 11:46
/KASE, 14.02.12/ – Қазақстан қор биржасы (KASE) Листингілік комиссиясының шешімімен 2012 жылдың 14 ақпанынан бастап "Қарағанды асбестцемент бұйымдары зауыты" АҚ (Қарағанды обл.) KZP03Y05B808 (KZ2C00001535, KASE ресми тізімі, "буферлі санат" санаты, KAZIb3; 1 теңге, 2,0 млрд теңге; 28.05.09 – 28.05.14; жарты жылдық купон жылдық 14,00 %, 30/360) облигациялары KASE ресми тізімінен шығарылды. KASE 2012 жылдың 07 ақпанындағы қорытындысында 2012 жылдың 01 ақпанында аталмыш облигациялардың KASE ресми тізімінің "буферлі санат" санатында болу мерзімі аяқталды. Алматы қаласы аймақтық қаржылық орталығының қызметін қадағалау жөніндегі Қазақстан Республикасы агенттігі Төрағасының 2008 жылдың 08 мамырындағы № 04.2-09/119 "Бағалы қағаздары Алматы қаласы аймақтық қаржылық орталығының арнайы сауда-саттық алаңының тізіміне енуі мүмкін немесе енген эмитенттерге және осындай бағалы қағаздарға талаптар қою туралы" бұйрығына Қосымшаның 13-9 тармағына сәйкес, борыштық бағалы қағаздардың ресми тізімнің "буферлі санат" санатында болуға рұқсат етілген ең ұзақ мерзімі борыштық бағалы қағаздарды "буферлі санат" санатына көшіру туралы шешім қабылданған күннен бастап 12 айды құрайды. Осы күнге дейін "Қарағанды асбестцемент бұйымдары зауыты" АҚ оның бағалы қағаздарын "буферлі санат" санатына аударуға негіз болған себептерді әлі жойған жоқ. Жоғарыда баяндалғанның негізінде және аталмыш Қосымшаның 13-16 тармағының 7) тармақшасына сәйкес, осы облигациялар делистингіленген. Аталмыш облигациялар KASE ресми тізіміне "Рейтингілік бағалауы жоқ борыштық бағалы қағаздар" санатының екінші санатшасы бойынша 2009 жылдың 28 мамырынан бастап енгізілген, 2009 жылдың 29 маусымынан бастап KASE ресми тізімінің "Рейтингілік бағалауы жоқ борыштық бағалы қағаздар" санатының бірінші санатшасына ауыстырылды, 2010 жылдың 22 шілдесінен бастап - "буферлі санат" санатына, 2010 жылдың 11 қазанынан бастап - "Рейтингілік бағалауы жоқ борыштық бағалы қағаздар" санатының бірінші санатшасына, 2011 жылдың 01 ақпанынан бастап "буферлі санат" санатына ауыстырылды. Олардың сауда-саттығы 2009 жылдың 01 маусымынан бастап ашылды. Аталмыш облигациялардың биржада айналыста болу мерзімінде олардың сатып алушы үшін өтелуіне кірістілігі (ашық сауда-саттық әдісімен жасалған мәмілелер бойынша) 8,00 және 14,50 % аралығында құбылды.