"ЦентрКредит Банкі" АҚ еншілес ұйымы "BCC Invest" АҚ "Азық-түлік келісімшарт корпорациясы" ұлттық компаниясы" АҚ-ның KZ2C0Y07E152 (KZ2C00001691, PRKRb5) облигациялары бойынша биржада маркет-мейкер мәртебесінен бас тартты
14.02.12 10:37
/KASE, 14.02.12/ – Қазақстан қор биржасы (KASE) Басқармасының
шешімімен "ЦентрКредит Банкі" АҚ еншілес ұйымы "BCC Invest" АҚ
(Алматы) 2012 жылдың 23 ақпанынан бастап "Азық-түлік келісімшарт
корпорациясы" ұлттық компаниясы" акционерлік қоғамының (Астана)
KZ2C0Y07E152 (KZ2C00001691, KASE ресми тізімі, "Рейтингілік
бағалауы бар борыштық қағаздар" санаты, PRKRb5; 1 000 теңге,
40,0 млрд теңге; 12.12.11 – 12.12.18; жарты жылдық купон жылдық
7,50 %; 30/360) облигациялары бойынша маркет-мейкер міндеттерін
атқарудан босатылды.
Осы шешім KASE "Маркет-мейкерлер қызметінің ережелері" атты ішкі
құжатының 5 бабы 2 тармағына сәйкес маркет-мейкердің өтініші
негізінде қабылданды.