"HALYK FINANCE" АҚ және "BCC INVEST" АҚ "ҚАЗЭКСПОРТАСТЫҚ холдингі" АҚ-ның БИРЖАДА KZ2C0Y05E065 (KASTB3) облигацияларын алғаш орналастыруды көздеп отырғаны туралы жариялайды
07.02.12 18:12
/KASE, 07.02.12/ – "ҚАЗЭКСПОРТАСТЫҚ" холдингі" АҚ-ның (Астана)
KZ2C0Y05E065 (KASTb3) облигацияларының андеррайтерлері болып
табылатын "Қазақстан Халық Банкінің еншілес ұйымы "Halyk Finance" АҚ
(Алматы) және "ЦенрКредит банкі" АҚ еншілес ұйымы - "BCC Invest" АҚ
(Алматы) бүгін "Қазақстан қор биржасы" АҚ-ына (KASE) ресми хат жолдап,
былай деп хабарлады:
"ҚАЗЭКСПОРТАСТЫҚ" холдингі" АҚ (Эмитент) KZ2C0Y05E065 (KASTb3)
үшінші шығарылым облигацияларын орналастырылмаған бөлігін "Қазақстан
қор биржасы" АҚ сауда-саттық жүйесінде арнайы мамандандырылған сауда-
саттықты өткізу арқылы ұйымдастырылған нарықта жалпы сатуға ұсынуды
жоспарлап отырғанын хабарлайды.
Арнайы мамандандырылған сауда-саттықтарды өткізуді болжап отырған күн
– 14 ақпан.
Эмитент арнайы мамандандырылған сауда-саттықта сатып алуды ұсынғалы
отырған аталмыш шығарылымның облигацияларының жарияланған
индикативті көлемі көлемі 1 000 000 облигация.
Эмитент облигацияларды өтеуге кірістілік мөлшерлемесіне сәйкес бағамен
жылдық 10 % мөлшерінде орналастыруды жоспарлап отыр.
Егер инвесторлар өтеуге кірістілік мөлшерлемесіне сәйкес бағамен
жылдық 10 % мөлшерінде берген өтінімдердің көлемі ұсыныстың жарияланған
индикативті көлемінен асатын болса, Эмитент орналастыруға ұсынып
отырған облигациялардың көлемін көбейтіп, 1 000 000 астам облигация
орналастыруы мүмкін.
Барлық сұрақтар бойынша, сондай-ақ қосымша ақпарат алу үшін "Halyk
Finance" АҚ және "BCC Invest" АҚ келесі өкілдеріне хабарласуыңызды
сұраймыз.
"Halyk Finance" АҚ:
Фархад Охонов (тел. 8 (727) 330-01-52, факс 8 (727) 259-05-93,
e-mail: FarhadO@halykbank.kz),
Юлия Феллер (тел. 8(727) 330-62-12, факс 8 (727) 259-05-93,
e-mail: FellerY@halykbank.kz)
"BCC Invest" АҚ:
Юлия Голощапова (тел. 8 (727) 259-85-98 (ішкі 7299),
факс 8 (727) 244-32-31,
e-mail: jgoloshapova@bcc-invest.kz)