"БТА Банкі" АҚ (Қазақстан) кредиторлардың мүдделерін танытатын Директорларды тағайындау процесі туралы хабарлайды

06.02.12 10:05
/KASE, 06.02.12/ – Облигациялары Қазақстан қор биржасының (KASE) ресми тізімінде тұрған "БТА Банкі" АҚ (Алматы), биржаға 2012 жылдың 03 ақпанындағы баспасөз-хабарламасын жолдап, былай деп хабарлады: цитата басы "БТА Банкі" АҚ (әрі қарай - Банк) жоғары облигацияларды және дисконтымен арнайы борыштық құралдарды ұстаушыларға Банктің Директорлар кеңесіне кредиторлардың мүдделерін танытатын Директорлар қызметіне кандидаттарды тағайындауға құқылы екендерін ескертеді. Бір Директор жоғары облигацияларды ұстаушылардың атынан, ал екіншісі дисконтымен арнайы борыштық құралдарды ұстаушылардың атынан тағайындалады. Кредиторлардың мүдделерін танытатын Директорлардың қызметіне кандидаттарды тағайындау процедурасының басталуы туралы хабарламаны Банк жоғары облигацияларды және дисконтымен арнайы борыштық құралдарды ұстаушыларға 2012 жылғы 20 қаңтарда Euroclear және Clearstream (Люксембург) жүйелері арқылы бағыттады. Осы хабарламалар Банктің сайтында www.bta.kz/en/investor/ мекенжайы бойынша қол жетімді. Жоғары облигацияларды және дисконтымен арнайы борыштық құралдарды ұстаушылар өз кандидаттарын, хабарламаларда көрсетілгендей, Euroclear және Clearstream (Люксембург) жүйелерінде электрондық нұсқаулар нысанында 2012 жылғы 10 ақпан күні сағат 11:00 (Лондон уақыты бойынша) дейін ұсынулары тиіс. Тиісті хабарламаларды алмаған жоғары облигацияларды және дисконтымен арнайы борыштық құралдарды ұстаушылар өздерінің банкімен, бағалы қағаздар жөніндегі брокермен немесе өздерінің жоғары облигацияларын және дисконтымен арнайы борыштық құралдарын ұстайтын басқа делдалмен байланысулары қажет. Электрондық нұсқауларды толтыруға және беруге қатысты кез келген сұрақтар жоғары облигацияларды және дисконтымен арнайы борыштық құралдарды ұстаушылар үшін сенімгер меншік иесі ретінде BNY Mellon Corporate Trustee Services Limited бағытталуы тиіс. Борыштарды қайта құрылымдау жөніндегі қызмет: Тел.:+44 (0) 20 7964 4958 Факс:+44 (0) 20 7964 2536 Email: debtrestructuring@bnymellon.com БАҚ үшін байланыс: тел. +7(727) 312 24 26, 312 43 22, 312 28 47 e-mail: pr@bta.kz www.bta.kz цитата соңы