Tethys Petroleum Limited компаниясы (Біріккен Корольдік) Арал мұнай терминалының ашылуы туралы хабарлайды

02.02.12 10:59
/KASE, 02.02.12/ – Жай акциялары Қазақстан қор биржасының (KASE) ресми тізімінде тұрған Tethys Petroleum Limited компаниясы (Channel Islands), биржаға 2012 жылдың 30 қаңтарындағы баспасөз-хабарламасын жолдап, былай деп хабарлады: Бүгін Тетис Петролеум Лимитед компаниясы (бұдан әрі – "Тетис" немесе "Компания" (TSX:TPL) (LSE:TPL)) өзінің Арал мұнай терминалының (АМТ) – Компания "Дорис" кен орнында өңдейтін мұнайды Қазақстанның темір жолдарының жүйесі арқылы жеткізу үшін жаңа мұнай қоймасының және теміржолы мұнайқұйғыш станциясының ресми түрде ашылуы туралы хабарлады. АМТ "Дорис" кен орнынан шамамен 230 шақырым жерде орналасқан және кен орнынан мұнай тасымалданатын қашықтықты айтарлықтай қысқартады. АМТ ашылуы автотасымалдау қашықтығының екі есе қысқаруы есебінен Компанияға басында табысты екі еселеп, тәулігіне 4 000 баррель мұнайға (тбм) дейін жеткізу мүмкіндігін береді. Оның үстіне, Ембідегі теміржолы мұнайқұйғыш станциясына қазіргі уақытта оны көптеген басқа компаниялардың пайдалануына байланысты шамадан көп жүк түсуде. Ал АМТ Тетис компаниясының мұнайына ғана арналады. Осы баспасөз-хабарламасының орыс тіліндегі толық нұсқасымен KASE веб- сайтында http://www.kase.kz/files/emitters/GG_TPL_/gg_tpl_reliz_300112.pdf мекен-жайы бойынша танысуға болады.