ҚҰБ ҚҚК "АТФБанк" АҚ (Қазақстан) KZ2C0Y02D601 (KZ2C00000685, ATFBb7) облигацияларын өтеу нәтижелері туралы есебін бекітті

02.02.12 10:29
/KASE, 02.02.12/ – Бағалы қағаздары Қазақстан қор биржасының (KASE) ресми тізімінде тұрған "АТФБанк" АҚ (Алматы), биржаға Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын бақылау және қадағалау комитетінің (ҚҰБ ҚҚК) 2012 жылдың 12 қаңтарындағы ескерту хатының көшірмесін ұсынды. Аталмыш құжатқа сәйкес, ҚҰБ ҚҚК "АТФБанк" АҚ KZ2C0Y02D601 (KZ2C00000685, ATFBb7; 1 000 теңге, 15,0 млрд теңге; 04.11.09 – 04.11.11; инфляция деңгейімен индекстелген жарты жылдық купон, соңғы купондық кезеңге жылдық 10,10 %; 30/360) облигацияларын өтеу нәтижелері туралы есебін бекітті. ҚҰБ ҚҚК ескертпе хатына сәйкес, 2011 жылдың 01 қарашасында аталмыш облигациялар толығымен өтелді.