/KASE, 01.02.12/ – Қазақстан қор биржасы (KASE) Басқармасының
шешімімен 2012 жылдың 02 ақпанынан бастап KASE қайталама нарық
секторында "Қазкоммерцбанк" АҚ (Алматы) XS0234398245, US486668AA44
(KASE ресми тізімі "Рейтингілік бағалауы бар борыштық бағалы
қағаздар", KKGBe24; $100,0 млн; мерзімсіз, айналысқа ену күні
09.11.05, жарты жылдық купон, 09.11.15 дейін – жылдық 9,20 %,
бұдан әрі – АҚШ долларындағы LIBOR ұсынысының үш айлық мөлшерлемесі
жылдық + 6,1905 %, 30/360) халықаралық облигациялары бойынша сауда-
саттық ашылады.
KASE сауда-саттық жүйесінде аталмыш акциялардың баға белгілеуінің
дәлдігі облигацияның "таза емес" бағасының үтірден кейінгі төртінші
таңбасына дейін деп белгіленді.
Аталмыш облигациялар бойынша биржада маркет-мейкер міндеттерін
"Казкоммерц Секьюритиз" АҚ ("Қазкоммерцбанк" АҚ еншілес ұйымы)
(Алматы) атқарады, міндетті баға белгілеудің минималды көлемі
2 000 айлық есептік көрсеткіш.
Аталмыш облигациялар KASE ресми тізіміне "Рейтингілік бағалауы бар
борыштық бағалы қағаздар" санаты бойынша 2011 жылдың 03 қарашасынан
бастап енгізілген.
Аталмыш облигациялар бойынша нақтырақ ақпарат KASE веб-сайтында
http://www.kase.kz/ru/emitters/show/kkgb мекен-жайы бойынша
жарияланған.