Еуразия даму банкі Тихвин вагон жасау зауытында (Ресей) жаңа заман жүк вагондарының өндірісі басталғаны туралы хабарлады

31.01.12 17:05
/KASE, 31.01.12/ – Облигациялары Қазақстан қор биржасының (KASE) ресми тізімінде тұрған Еуразия даму банкі биржаға 2012 жылдың 30 қаңтарындағы баспасөз-хабарламасын жолдап, былай деп хабарлады: Ресей Федерациясы Үкіметінің Төрағасы Владимир Путин және "ИСТ" компаниялар тобының президенті Александр Несис бүгін Тихвин вагон жасау зауытындағы өндірісті іске қосты. Осы кәсіпорынның құрылысының жобасын "ИСТ" компаниялар тобы Еуразия даму банкімен (ЕАДБ) және ресейлік Сыртқы экономикалық банкпен бірлесе отырып жүзеге асырылды. 2088-2010 жж. ЕАДБ және Сыртқы экономикалық банк кәсіпорынның құрылысына және оның жабдықтарын сатып алуға мерзімі 8 жылға дейін 660 млн АҚШ долларын (әрбірі – 330 млн) берді. Осы баспсөз-хабарламасының орыс тіліндегі толық нұсқасымен KASE веб- сайтында http://www.kase.kz/files/emitters/EABR/eabr_reliz_300112.pdf мекен-жайы бойынша танысуға болады.