2012 жылдың 30 қаңтарында биржада "Азық-түлік келісім шарт корпорациясы" ұлттық компаниясы" АҚ (Қазақстан) KZ2C0Y07E152 (KZ2C00001691, PRKRB5) облигацияларын орналастыру бойынша арнайы мамандандырылған сауда-саттығы өткізіледі

30.01.12 17:41
/KASE, 30.01.12/ – Бүгін Қазақстан қор биржасы (KASE) сауда- саттық жүйесінде "Азық-түлік келісім шарт корпорациясы" ұлттық компаниясы" АҚ (Астана) KZ2C0Y07E152 (KZ2C00001691, KASE ресми тізімі, "Рейтингілік бағалауы бар борыштық бағалы қағаздар" санаты, PRKRb5; 1 000 теңге, 40,0 млрд теңге; 12.12.11 – 12.12.18; жарты жылдық купон жылдық 7,50 %; 30/360) облигацияларын орналастыру бойынша арнайы мамандандырылған сауда-саттық өткізілді. Аталмыш облигацияларды орналастыру бойынша андеррайтер "ЦентрКредит Банкі" АҚ еншілес ұйымы - "BCC Invest" АҚ болды. Сауда-саттықта эмитент 7 600 000 KZ2C0Y07E152 купондық облигацияны (осы шығарылымның тіркелген облигацияларының жалпы санынан 19,0 %) орналастыруды жоспарлаған. Сауда-саттық мәні үтірден кейінгі төртінші таңбасына дейін дәл көрсетілген, бағалы қағаздың номиналды құнын пайызбен көрсетілген, облигацияның "таза бағасы" (жиналған мүддені есептемегенде) болды. Орналастыруға қатысу туралы өтінімдер жабық тәсілмен алматы уақытымен (ALT) 11:30 бастап 15:00 дейін қабылданды. Сауда-саттыққа тек шектелімді өтінімдер ғана қабылданды. Сатып алу өтінімін қанағаттандыру тәсілі – кесімді бағаға тең немесе сатушы үшін тиімдірек болатын шектелімді қарсы өтінімдердің бағалары бойынша. Есеп айырысу схемасы – Т+0. Сауда-саттыққа KASE үш мүшесі қатысты, олар 38 өтінім жасады, өтінімдер кезеңінің аяқталу сәтінде олардың 5 003 500 облигацияны сатып алу туралы 37 ордері белсенді болып қалды. Осылайша, сауда-саттықтағы сұраныс ұсыныстың 65,8 % құрады. Берілген белсенді өтінімдердегі "таза" бағалар 90,2939 % ( жылдық 9,5 %) бастап 100,2516 % (жылдық 7,5 %) дейін құбылды, сөйтіп орташа сараланған мәні 94,8020 % (сатып алушының өтеуіне жылдық 8,5 %) құрады. Белсенді өтінімдердің жалпы көлеміндегі зейнетақы нарығы субъектілерінің үлесі - 99,9 %, брокерлік-дилерлік компаниялар клиенттерінің үлесі – 0,1 %. Андеррайтер биржаға ресми хат жолдап, осы арнайы мамандандырылған сауда-саттық өткізілмеді деп жариялады.