"Еуразиялық банк" АҚ (Қазақстан) Директорлар кеңесі Ұлыбритания және Солтүстік Ирландия Біріккен Корольдігінің заңнамасына сәйкес, халықаралық облигациялар шығару туралы шешім қабылдады

30.01.12 13:09
/KASE, 30.01.12/ – Облигациялары Қазақстан қор биржасының (KASE) ресми тізімінде тұрған "Еуразиялық банк" АҚ (Алматы, бұдан әрі – Қоғам), биржаға ресмип хат жолдап, былай деп хабарлады: Қоғамның Директорлар кеңесі 2012 жылдың 20 қаңтарында Ұлыбритания және Солтүстік Ирландия Біріккен Корольдігінің заңнамасына сәйкес, Қоғамның қамтамасыз етілмеген аға облигацияларын (Еурооблигацияларды) шығару туралы шешім қабылдады. Осы мәлімдеме Құрама Штаттардан қандай да бір бағалы қағаздарды сатып алуға, басқа жолдармен иеленуге, жазылуға, сатуға, басқаша иесіздендіруге ұсыныс немесе шақыру немесе шығарылымы болып табылмайды, сонымен қатар осындай ұсыныстың немесе шақырудың құрамына кірмейді, сондай-ақ, осындай бағалы қағаздарды сату туралы, басқаша иесіздендіру, шығару, сатып алу, басқаша иелену немесе жазылу туралы тапсырыс болып табылмайды және оның құрамына енбейді. Осы мәлімдемеде көрсетілген бағалы қағаздар АҚШ 1933 ж. Бағалы қағаздар туралы заңына ("Бағалы қағаздар туралы заң") сәйкес Құрама Штаттарда тіркелмеген және тіркелмейді. Тіркелместен немесе Бағалы қағаздар туралы заңның тіркеу талаптарынан тиісінше босатуынсыз, мұндай бағалы қағаздар Құрама Штаттарында сатуға ұсынылуы немесе сатылуы мүмкін емес. Осы хабарламада көрсетілген бағалы қағащдар Құрама Штаттарында қоғамдық ұсыныстың мәні болмайды. ҚҰРАМА ШТАТТАРЫНДА, НЕМЕСЕ ОСЫНДАЙ ӘРЕКЕТТЕР ЗАҢДАРЫНА ҚАЙШЫ КЕЛЕТІН КЕЗ КЕЛГЕН БАСҚА ХҰКІМЕТТЕ ТІКЕЛЕЙ НЕМЕСЕ ЖАНАМА ТҮРДЕ ШЫҒАРУҒА, БАСУҒА НЕМЕСЕ ТАРАТУҒА АРНАЛМАҒАН.