ҚҰБ ҚҚК "Еуразиялық Банк" АҚ (Қазақстан) акциялары 2011 жылдың 19 маусымынан бастап 19 желтоқсанына дейінгі кезеңде орналастырылмағаны туралы мәліметтерді есепке алды

27.01.12 14:48
/KASE, 27.01.12/ – Облигациялары Қазақстан қор биржасының (KASE) ресми тізімінде тұрған "Еуразиялық банк" (Алматы), биржаға Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын бақылау және қадағалау Комитетінің (ҚҰБ ҚҚК) 2012 жылдың 23 қаңтарындағы хатының көшірмесін ұсынды, осы хатқа сәйкес ҚҚК "2011 жылдың 19 маусымынан бастап 19 желтоқсанына дейінгі кезеңде "Еуразиялық банк" АҚ акцияларын орналастыру жүзеге асырылмағаны туралы мәліметтерді есепке алды". ҚҰБ ҚҚК ақпараттарына сәйкес, 2011 жылдың 19 желтоқсанындағы жағдай бойынша "Еуразиялық банк" АҚ 17 692 030 жай және 3 000 000 артықшылықты акциясы орналастырылмаған.