30 ҚАҢТАР КҮНІ БИРЖАДА МЕУЖКАМ-132 БІРІНШІ ШЫҒАРЫЛЫМЫН (KZKAKY110013) ОРНАЛАСТЫРУ БОЙЫНША АРНАЙЫ МАМАНДАНДЫРЫЛҒАН САУДА-САТТЫҚ ӨТКІЗІЛЕДІ

26.01.12 17:55
/KASE, 26.01.12/ – Қазақстан қор биржасы (KASE) 2012 жылдың 30 қаңтарында KASE сауда-саттық жүйесінде Қазақстан Республикасы мемлекеттік ұзақ мерзімді жинақтаушы қазынашылық міндеттемелері (МЕУЖКАМ) бойынша төменде берілген шарттар бойынша арнайы мамандандырылған сауда-саттық өткізіледі (Алматы уақытымен). ------------------------------------------------------------------------- Қағаз тұрпаты: МЕУЖКАМ-132 Ұлттық сәйкестендіру нөмірі: KZKAKY110013 Шығарылымның реттік саны: 1 / 132 KASE сауда-саттық коды: MUJ132_0001 Атаулы құны, теңге: 1 000,00 Төлеу датасы: 5 000 000 Айналысқа жіберу датасы: 30.01.12 Айналыста болудың соңғы күні: 30.05.11 Өтеу датасы: 29.05.22 Айналыста болу мерзімі: 11 жыл (3 960 күн) Купондық мөлшерлеме жылдық 0,01 %+инфляция Купонды төлеу мерзімділігі: жылына 1 рет* График купонных выплат: 1 07.06.12 2 07.06.13 3 06.06.14 4 05.06.15 5 07.06.16 6 07.06.17 7 07.06.18 8 07.06.19 9 05.06.20 10 07.06.21 11 07.06.22 Уақыттық базасы: 30 / 360 ------------------------------------------------ ------------------------ Орналастырудың жарияланған көлемі, млн теңге: 12 000 000 Сауда-саттық заты: Облигацияның "таза емес" бағасы Нарықтық өтінімдерді қанағаттандыру дәрежесі, %: 70 Өтінім беру тәсілі: жабық Өтінім қабылдау уақыты: 09:00–11:00 Өтінімдерді растау уақыты: 09:00–11:30 (Т+0) Кесім уақыты: 15:00 (Т+0) дейін Төлеу уақыты: 15:00 (Т+0) дейін Өтінімдерді қанағаттандыру тәсілі: кесімді баға бойынша ------------------------------------------------------------------------- *айналыста болған толық 12 күнтізбелік ай сайын айдың бесінші жұмыс күнінде. МЕУЖКАМ-ға салынған ақшаның индексациясы орналастыру кезінде анықталған тиянақталған купонды өткен купондық кезеңдегі инфляция индексіне көбейтуден алынған индекстелінген купонды есептеу арқылы жүзеге асырылады. Өтінімде баға ретінде облигацияның "таза емес" құнынан (жинақталған сыйақыны есептегенде), төртінші ондық таңбасына дейінгі дәлдікпен көрсетіліп, пайызбен беріледі. Дәл осы көрсеткіш сауда-саттық заты болып табылады. МЕУЖКАМ, Қазақстан Республикасы зейнетақы жинақтаушы қорлары арасында орналастырылатын, мемлекеттік облигациялар болып табылады. МЕУЖКАМ айналыста болу мерзімінің ортасына дейін тек осы инвесторлар категориясы арасында ғана айналыста бола алады. Бұдан әрі олар нарықта еркін айналысқа жіберіледі. Арнайы мамандандырылған сауда-саттыққа қатысуға өтінімдерді тек бастапқы дилерлер ретінде әрекет ететін KASE қор нарығының мүшелері ғана бере алады. Инвесторлар өз өтінімдерін осы заңды тұлғалар арқылы бере алады. KASE қор нарығы мүшелерінің толық тізімі http://www.kase.kz/kz/membership мекенжайы бойынша жарияланған. Бастапқы дилерлер кестеде белгіленген уақытқа дейін, "Бағалы қағаздар депозитарийі" АҚ (Алматы) ережелер жинағына сәйкес, бағалы қағаздармен жасалған мәмілелер бойынша есептесуді жүзеге асыруда қолданылатын ақшалай шотта, (бастапқы дилерлердің берген және KASE қабылдаған өтінімдердің барлығы қанағаттандыруға жатады деген болжаммен) сатып алынған қазынашылық міндеттемелерге төлеуге жеткілікті соманың бар болуын қамтамасыз етуге міндетті. Қазақстан Респубикасы мемлекеттік қазынашылық міндеттемелердің шығарылым, орналастыру, айналыста болу, олар бойынша қызмет көрсету және өтелу ережелері http://www.kase.kz/files/mix/newgko.pdf мекен-жайы бойынша жарияланған. Қазақстан Республикасы мемлекеттік қазынашылық міндеттемелердің орналастыру ережелері http://www.kase.kz/files/normative_base/mekam_placement_kaz.pdf мекен-жайы бойынша жарияланған. Сауда-саттық өткізу әдістері туралы Қағида http://www.kase.kz/files/normative_base/methods_kaz.pdf мекен-жайы бойынша жарияланған.