Еуразия даму банкі С. Костриков бизнес-жоспарлау бойынша басқарушы директор қызметіне тағайындалғаны туралы хабарлады

25.01.12 17:30
/KASE, 25.01.12/ – Облигациялары Қазақстан қор биржасының (KASE) ресми тізімінде тұрған Еуразия даму банкі, биржаға 2012 жылдың 25 қаңтарындағы баспасөз-хабарламасын жолдап, былай деп хабарлады: Сергей Костриков Еуразия даму банкінің (ЕАДБ) бизнес-жоспарлау бойынша басқарушы директоры лауазымына тағайындалды. Осы қызметінде ол Банк қызметінің тиімділігін бюджеттеу және басқару жүйесін дамытумен айналысады. Соңғы 20 жыл ішінде Сергей Костриков банктер мен басқа да қаржылық институттардың стратегиялық жоспарлау, бюджеттеу және тиімділігін арттыру саласында қызмет етіп келеді. Сергейдің кеңес беру (PricewaterhouseCoopers, IBM) және қаржылық индустрия (Ингосстрах). қызметі саласында тәжірибесі бар. Осы баспасөз-хабарламасын толық нұсқасы KASE веб-сайтында http://www.kase.kz/files/emitters/EABR/eabr_reliz_250112.pdf мекен- жайы бойынша жарияланған.