"Сырымбет" АҚ (Қазақстан) биржаға өзінің акционерлерінің тізілімі жүйесінің 2012 жылдың 01 қаңтарындағы жағдайы бойынша үзінді көшірмесін биржаға ұсынды

25.01.12 14:06
/KASE, 25.01.12/ – Жай акциялары Қазақстан қор биржасының (KASE) ресми тізімінде тұрған "Сырымбет" АҚ (Солтүстік-Қазақстан обл., Сырымбет а., бұдан әрі – компания) биржаға өзінің акцияларын ұстаушылардың тізілім жүйесінің 2012 жылдың 01 қаңтарындағы жағдайы бойынша үзінді көшірмесін ұсынды. Компанияның тіркеушісі "ДАР орталығы" АҚ (Алматы). Үзінді көшірмеге сәйкес: - компанияның жарияланған ( тек KZ1C52400013, KZ1C00000595 жай акциялары) акцияларының жалпы саны 100 000 дана; - компанияның 90 000 акциясы орналастырылған; - компанияның жалғыз акционері және, тиісінше, компанияның орналастырылған акцияларының жалпы санынан бес және одан көп пайызы көлеміндегі акциялар санына иеленген жалғыз тұлға "Berkut Mining" ЖШС (Алматы) болып табылады.