"Өскемен құс фабрикасы" АҚ (Қазақстан) өзінің акционерлерінің тізілімі жүйесінің 2012 жылдың 01 қаңтарындағы жағдайы бойынша үзінді көшірмесін биржаға ұсынды

24.01.12 17:19
/KASE, 24.01.12/ – Бағалы қағаздары Қазақстан қор биржасының (KASE) ресми тізімінде тұрған "Өскемен құс фабрикасы" АҚ (Шығыс Қазақстан обл., бұдан әрі – компания) биржаға өзінің акцияларын ұстаушылардың тізілім жүйесінің 2012 жылдың 01 қаңтарындағы жағдайы бойынша үзінді көшірмесін ұсынды. Компанияның тіркеушісі "Бағалы қағаздарды тіркеу жүйесі" АҚ (Алматы). Компанияның ақпаратына сәйкес: - компанияның жарияланған KZ1C33970019 жай акцияларының жалпы саны 369 333 дана, артықшылықты KZ1P33970115, KZ1P00000202 акциялар саны – 25 200 дана; - компанияның 166 200 жай акциясы және барлық артықшылықты акциясы орналастырылған. Аталған үзінді көшірмеге сәйкес, компанияның жалғыз акцонері, тиісінше, компанияның орналастырылған акцияларының жалпы санынан бес және одан көп көлеміндегі санына иеленген жалғыз тұлға С.К. Толукпаев болып табылады.