Еуразия даму банкі Беларусь Республикасымен ЕурАзЭБ дағдарысқа қарсы қорын қаржылай қолдау шегінде тұрақтандырма бағдарламасын нақтылау бойынша келіссөздердің басталғаны туралы хабарлады

24.01.12 16:40
/KASE, 24.01.12/ – Облигациялары Қазақстан қор биржасының (KASE) ресми тізімінде тұрған Еуразия даму банкі, биржаға 2012 жылдың 24 қаңтарындағы баспасөз-хабарламасын жолдап, былай деп хабарлады: Еуразия даму банкінің (ЕАДБ) сарапшыларының ДҚҚ қаражатын басқарушы командасы 2012 жылдың 18 және 21 қаңтары аралығында макроэкономикалық жағдайды бағалау үшін және Беларусь Республикасы үкіметімен Ниеттер туралы хатты жаңартуға қатысты пікірталастарды бастау мақсатында Минскіде болды. Мұндай міндет 2011 жылдың 28 қарашасында Мәскеуде өткен Қор Кеңесінің шешімімен қарастырылды. Ниеттер туралы хат Беларусь Үкіметінің ДҚҚ 3 млрд АҚШ доллары сомасындағы қаржылық несиесі демеп отырған Тұрақтандырма бағдарламасын тірек етеді. Осы құжаттағы нақтылау қажеттіліктері дамудың әлеуметтік-экономикалық жағдайларының айтарлықтай өзгеруіне, оның ішінде 2011 жылы ұлттық валютаның құнсызданып, бағалардың үш есе өсуіне байланысты болып отыр. Осы баспасөз-хабарламасының толық нұсқасы KASE веб-сайтында http://www.kase.kz/files/emitters/EABR/eabr_reliz_240112.pdf мекен-жайы бойынша орыс тілінде жарияланған.