"Delta Bank" АҚ (Қазақстан) KZP01Y05E178 (KZ2C00001709, NFBNb2) облигациялары 18 қаңтардан бастап KASE ресми тізіміне "Рейтингілік бағалауы бар борыштық бағалы қағаздар" санаты бойынша енгізілді

18.01.12 18:03
/KASE, 18.01.12/ – Бұдан бұрын жарияланғандай, Қазақстан қор биржасының (KASE) Листингілік комиссиясының 2011 жылдың 21 желтоқсанындағы шешімімен KASE ресми тізіміне "Рейтингілік бағалауы бар борыштық бағалы қағаздар" санаты бойынша "Delta Bank" АҚ (Алматы) KZP01Y05E178 (KZ2C00001709, 1 000 теңге; 10,0 млрд теңге; 18.01.12 – 18.01.17, жарты жылдық купон жылдық 9,50 %, 30/360) облигациялары енгізілді. Листингтік комиссиясының бұл шешімі, эмитенттің "Листингілік ережелер" атты KASE ішкі құжатының 18 бабы 1 тармағы 2) тармақшасындағы шарттарды орындауына байланысты, 2012 жылдың 18 қаңтарынан бастап өз күшіне енді. Аталмыш облигациялар бойынша KASE сауда-саттығының ашылуы туралы қосымша жарияланады. "Delta Bank" АҚ аталмыш облигациялары бойынша қаржылық кеңес беруші "АСЫЛ-ИНВЕСТ" АҚ (Алматы). "Delta Bank" АҚ тіркеушісі "Тіркеуші "Зерде" АҚ (Алматы) болып табылады. Аталмыш облигацияларға қысқартылған белгісі (сауда-саттық коды) NFBNb2.берілген. Осы облигациялардың шығарылымы туралы толығырақ ақпарат KASE веб- сайтында 2012 жылдың 18 қаңтарында http://www.kase.kz/ru/emitters/show/nfbn мекен-жайы бойынша жарияланады.