18 ҚАҢТАРДА БИРЖАДА ОНЫНШЫ ШЫҒАРЫЛЫМНЫҢ МЕУКАМ-120 (KZKDKY100102) ОРНАЛАСТЫРУ БОЙЫНША АРНАЙЫ МАМАНДАНДЫРЫЛҒАН САУДА-САТТЫҚ ӨТКІЗІЛЕДІ

16.01.12 16:44
/KASE, 16.01.12/ – Қазақстан қор биржасы (KASE) 2012 жылдың 18 қаңтарында KASE сауда-саттық жүйесінде Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің мемлекеттік ұзақ мерзімді қазынашылық міндеттемелері (МЕУКАМ) бойынша төменде берілген шарттар бойынша арнайы мамандандырылған сауда-саттық өткізіледі (Алматы уақыты). ------------------------------------------- Қағаз тұрпаты: МЕУКАМ-120 Ұлттық сәйкестен- діру нөмірі: KZKDKY100102 Шығарылымның реттік саны: 10 / 120 KASE сауда- саттық коды: MUM120_0010 Атаулы құны, 1 000,00 теңге: Төлеу датасы: 18.01.12 Айналысқа жіберу датасы: 21.12.11 Айналыста болудың соңғы күні: 20.12.21 Өтеу датасы: 21.12.21 Айналыста 10 жыл болу мерзімі: (3 600 күн) Купонды төлеу жылына мерзімділігі: 1 рет Купонды төлеу жыл сайын күні: 21 желтоқсанда Уақыттық базасы: 30 / 360 ---------------------- -------------------- Орналастырудың жарияланған көлемі, млн теңге: 16 000 000 Сауда-саттық заты: Облигациялардың "таза" бағасы Нарықтық өтінімдерді қанағаттандыру дәрежесі, %: 70 Өтінім беру тәсілі: жабық Өтінімдерді қабылдау уақыты: 09:00–11:00 Өтінімдерді растау 09:00–11:30 уақыты: (Т+0) Кесім уақыты: 15:00-ге дейін (Т+0) Төлеу уақыты: 15:00-ге дейін (Т+0) Өтінімдерді кесімді баға қанағаттандыру тәсілі: бойынша ------------------------------------------ Өтінімде баға ретінде облигацияның "таза" бағасы (жинақталған сыйақыны есептемегенде) облигацияның атаулы құнынан, төртінші ондық таңбасына дейінгі дәлдікпен, жылдық пайызбен көрсетіледі. Дәл осы көрсеткіш сауда-саттық заты болып табылады. Арнайы мамандандырылған сауда-саттыққа қатысуға өтінімдерді тек бастапқы дилерлер ретінде әрекет ететін KASE қор нарығының мүшелері ғана бере алады. Инвесторлар өз өтінімдерін осы заңды тұлғалар арқылы бере алады. KASE қор нарығы мүшелерінің толық тізімі http://www.kase.kz/kz/membership мекенжайы бойынша жарияланған. Бастапқы дилерлер кестеде белгіленген уақытқа дейін, "Бағалы қағаздар депозитарийі" АҚ (Алматы) ережелер жинағына сәйкес, бағалы қағаздармен жасалған мәмілелер бойынша есептесуді жүзеге асыруда қолданылатын ақшалай шотта, (бастапқы дилерлердің берген және KASE қабылдаған өтінімдердің барлығы қанағаттандыруға жатады деген болжаммен) сатып алынған қазынашылық міндеттемелерге төлеуге жеткілікті соманың бар болуын қамтамасыз етуге міндетті. Қазақстан Респубикасы мемлекеттік қазынашылық міндеттемелерді шығару, орналастыру, айналыста болу, олар бойынша қызмет көрсету және өтелу ережелері http://www.kase.kz/files/mix/newgko.pdf мекен-жайы бойынша жарияланған. Қазақстан Республикасы мемлекеттік қазынашылық міндеттемелердің орналастыру ережелері http://www.kase.kz/files/normative_base/mekam_placement_kaz.pdf мекен- жайы бойынша жарияланған. Сауда-саттық өткізу әдістері туралы Қағида http://www.kase.kz/files/normative_base/methods_kaz.pdf мекен-жайы бойынша жарияланған.