ҚҰБ ҚҚК Сауда-саттықтарды өткізу әдістемелері туралы қағидаға енгізілген түзетулерді келісімдеді

13.01.12 14:58
/KASE, 13.01.12/ – Бұрын хабарлағанымыздай, Қазақстан қор биржасы (KASE) Биржалық кеңесінің 2011 жылдың 06 қазанындағы шешімімен "Сауда-саттықтарды өткізу әдістемелері туралы қағида" (Қағида) атты KASE ішкі құжатына # 7 өзгертулер мен толықтырулар (түзетулер) бекітілді. Түзетулерді Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын бақылау және қадағалау комитеті (ҚҰБ ҚҚК) 2011 жылдың 02 желтоқсанында келісімдеп, сауда-саттық жүйесіне тиісінше технологиялық өзгерістер енгізілгеннен кейін күшіне енеді, бұл туралы қосымша хабарлама жасалады. Түзетулер сауда-саттықтарды өткізудің жаңа әдісін – жазылу әдісін қолданысқа енгізуге байланысты енгізілді, бұл әдісте сатушы өз қалауы бойынша сауда-саттық жүйесіне берілген кез келген өтінімді толық немесе жартылай көлемде қанағаттандыруға құқылы, түзетулер осындай тәсілмен сауда-саттықтарды өткізудің параметрлерін, күнін және уақытына қатысты орын алды. Жазылу тәсілімен сауда-саттықтарды өткізу KASE жеке ішкі құжатында сипатталған. Бұған қоса, түзетулер арқылы: - қайталама арнайы мамандандырылған сауда-саттықтар тәртібі реттеледі; - келісім-шарттық мәмілелерді жасау мүмкіндігін болдырмау бойынша шараларды анықталды; - тізімі KASE Басқармасымен анықталған, бағалы қағаздар және Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің мемлекеттік ұзақмерзімді жинақтаушы қазынашылық міндеттемелері (МЕУЖКАМ) бойынша өтінімдерді қанағаттандыру тәртібі анықталды; - арнайы мамандандырылған сауда-саттықтарда жасалған мәмілелер бойынша орындалмаған міндеттемелер салдары анықталды. Қағиданың жаңартылған мәтіні KASE веб-сайтында http://www.kase.kz/files/normative_base/methods_kaz.pdf мекен-жайы бойынша жарияланатын болады.