ҚҰБ ҚҚК "АПК-Инвест" корпорациясы АҚ екінші облигациялық бағдарламасы және облигациялары шығарылымдарының аңдатпаларына енгізген өзгертулерін тіркеді

12.01.12 11:41
/KASE, 12.01.12/ – Облигациялары Қазақстан қор биржасының (KASE) ресми тізімінде тұрған "АПК-Инвест" корпорациясы АҚ (Астана), өзінің екінші облигациялық бағдарламасы және келесі облигациялары шығарылымдарының аңдатпаларына енгізген енгізген өзгертулерінің көшірмелерін биржаға ұсынды: - KZP01Y05D980 (KZ2P00001548, KASE ресми тізімі,"Рейтингілік бағалауы бар борыштық бағалы қағаздар" санаты, APKIb4); - KZP02Y05D988 (KZ2P00001571, KASE ресми тізімі,"Рейтингілік бағалауы бар борыштық бағалы қағаздар" санаты, APKIb5); - KZP03Y05D986 (KZ2P00001654, KASE ресми тізімі,"Рейтингілік бағалауы бар борыштық бағалы қағаздар" санаты, APKIb6) Аталмыш өзгертулер мен толықтыруларды Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын бақылау және қадағалау комитеті (ҚҰБ ҚҚК) 2011 жылдың 20 желтоқсанында тіркеп, "АПК-Инвест" АҚ тіркеушісі туралы мәліметтердің өзгеруіне байланысты енгізілді. Аталмыш өзгертулер KASE веб-сайтында http://www.kase.kz/ru/emitters/show/apki мекен-жайы бойынша жарияланған.