"АПК-Инвест" корпорациясы" ЖШС (Қазақстан) өзінің KZP02Y05D988 (KZ2P00001571, APKIb5) облигациялары бойынша 1-ші купонын төлеуі туралы хабарлады

11.01.12 17:49
/KASE, 11.01.12/ – "АПК-Инвест" корпорациясы" ЖШС (Астана) 2012 жылдың 09 қаңтарында өзінің KZP02Y05D988 (KZ2P00001571, KASE ресми тізімі, "Рейтингілік бағалауы бар борыштық бағалы қағаздар" санаты, APKIb5; 1 000 теңге, 10,0 млрд теңге; 27.06.11 – 27.06.16, жарты жылдық купон жылдық 10,0 %; 30/360) облигациялары бойынша бірінші купондық сыйақысын төлеуі туралы Қазақстан қор биржасына (KASE) хабарлап, ресми хат жолдады. Аталмыш хабарламаға сәйкес, төленген сыйақының сомасы 214 440 050,00 теңге құрады. KASE "Биржалық ақпараттарды тарату Ережелері" атты ішкі құжатына сәйкес, KASE мүшелері және биржада айналысқа жіберілген бағалы қағаздардың эмитенттері туралы KASE тарататын жалпы ақпараттың растығына, егер аталмыш ақпараттар осы мүшелер мен бағалы қағаздар эмитенттерінің KASE алдында міндеттерін орындауына орай ұсынған хабарламалар мен құжаттарға негізделсе, KASE жауапты болмайды. Осы ақпаратты өндіргенде KASE аталмыш хабарламалар мен құжаттардың растығын тексермейді. Осы хабарламада жарияланған ақпаратты жоққа шығаруды қалаған тұлға, биржаға ресми хат жолдауы тиіс.