"АТФБанк" АҚ (Қазақстан) "Global Custodian" журналынан 2011 жылдың "Жергілікті клиенттер" және "Шетелдік аффилиирленбеген клиенттер" санаттары бойынша Top Rated рейтингілік бағалауларын алды

11.01.12 15:50
/KASE, 11.01.12/ – Бағалы қағаздары Қазақстан қор биржасының (KASE) ресми тізімінде тұрған "АТФБанк" АҚ (Алматы), биржаға 2012 жылдың 10 қаңтарындағы баспасөз-хабарламасын жолдап, былай деп хабарлады: "Global Custodian" (Agent Banks in Emerging Markets Survey 2011) басылымы жүргізген дамушы елдердегі, оның ішінде Қазақстан нарығындағы кастодиандардың қызметін бағалаулар нәтижесінде "АТФБанк" АҚ 2011 жылдың "Жергілікті клиенттер" және "Афилиирленбеген шетелдік клиенттер" санаттары бойынша Top Rated ең жоғары рейтингілік бағалауларын алды. "Global Custodian" журналының жыл сайынғы рейтингі клиенттердің кастодиандар көрсететін қызметтердің сапасы туралы пікірлері негізінде жасалады. Жыл сайын дамушы бағалы қағаздар нарығы бар 68 елдің кастодиандары бағаланады. "АТФБанк" АҚ кастодиан қызметтерін 1997 жылдан бері көрсетеді. Алғашқы клиенттері жергілікті жинақтаушы зейнетақы қорлары және шетелдік институтционалдық инвесторлар болды. Қазіргі таңда "АТФ Банк" АҚ жинақтаушы зейнетақы қорларын, пайлық және акционерлік инвестициялық қорларды, брокерлер мен дилерлерді, сонымен қатар шетелдік институтционалдық инвесторларды қоса алғанда 300 астам клиенттері және субклиенттері бар Қазақстандағы аса ірі кастодиандардың бірінен саналады.