Tethys Petroleum Limited компаниясы (Біріккен Корольдік) Қазақстанда мұнай тасымалдау және өткізу туралы ақпарат берді

11.01.12 15:24
/KASE, 11.01.12/ – Жай акциялары Қазақстан қор биржасының (KASE) ресми тізімінде тұрған Tethys Petroleum Limited компаниясы (Channel Islands), биржаға 2011 жылдың 30 желтоқсанындағы баспасөз-хабарламасын жолдап, былай деп хабарлады: Бүгін Тетис Петролеум Лимитед компаниясы (бұдан әрі– "Тетис" немесе "Компания" (TSX:TPL)) Қазақстанда мұнай тасымалдау және өткізу туралы жаңартылған ақпаратын жариялады. Қысқы ауа-райының аса жағымсыз болуы себебінен, мұнай тасымалданатын жолдардың бір бөлігін жергілікті билік органдары жауып тастады. Бұл Шалқардан Ембіге дейінгі Мұғалжар тауымен өтетін жолдың солтүстік қиығы – көбіне қар басып қалатын таулы аймақ. Ембіге дейінгі жолдар бойынша автотасымалдаулар ауа-райы оңалғаннан кейін қайта басталады деп күтілуде, болжамдар бойынша ауа-райы жақында жақсарады. Бүгінгі күні автоцистерналармен тасымалданатын мұнайдың желтоқсанда өндірілген көлемі орта есеппен тәулігіне 1860 баррель мұнайды құрады бнс). Осы баспасөз-хабарламасының толық нұсқасын KASE веб-сайтында http://www.kase.kz/files/emitters/GG_TPL_/gg_tpl_reliz_301211.pdf мекен-жайы бойынша көруге болады.